Қоғамдық кеңес отырысы өтті
«Nur Otan» партиясыгың «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасының «Бақытты балалар» бағытында көрсетілген балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мақсатында партия облыстық филиалы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңесі жұмыс атқарып келеді. Аталған қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында білім беру ұйымдары жанындағы және арнайы мектеп-интернаттарының жай-күйі және ондағы балаларға жасалған жағдайлар және жедел әрекет ету топтарының міндеттері туралы мәселелер қаралды.
Отырыс барысында кеңес мүшелерімен зерделенген 20 интернаттың жай-күйіне, ондағы кемшілдіктер ортаға салынды.
Әсіресе, әлеуметтік желіде жарияланған Меркі ауданы Гранитогорск ауылындағы интернаттың жағдайы сөз болды. 1959 жылы ашылған көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернатының жағдайы мүшкіл. Содан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Жиһаздары да ескірген. Осындай олқылықтар барлық интернаттарға тән.
Интернаттардың жағдайы бойынша облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Б.Жамангозов баяндама жасап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарына тоқталды.
Отырыс барысында сөз алған партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Бейсенқұлов балаларға қамқорлық жасау - мемлекеттің басым бағыттарының бірі екендігін атап өтіп, сондай-ақ, мекеме сыртындағы маңдайшада жазылған «Көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларына арналған», «ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған», «соқыр және нашар көретін балаларға арналған», «саңырау және нашар еститін балаларға арналған деген атауларды ауыстыру туралы ұсыныс берді.
Отырысы соңында кеңес төрайымы Ж.Орынбаева жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық мәселесінің де алдын алу бағытында жұмыстарды жандандыруды, балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды, интернаттағы мәселелердің шешілуі бойынша білім басқармасының басшысына ұсыныс берді.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді