Жазаны өтеудің жеңілі - қоғамдық жұмыс
Таразда пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің баптарында көзделген қоғамдық жұмыстарды орындауда. Олар жергілікті әкімдік белгілеп берген ағаш кесу, шаһар көшелерін тазалау секілді дала жұмыстарын атқаруда.
Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің бастығы әділет майоры Қуаныш Калықтың айтуынша, пробация қызметкерлері қоғамдық жұмыстарға тартылған есепте тұрған азаматтарды жергілікті әкімдікпен бірге қадағалап отырады.
- Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады. Мұның бәрін біз жергілікті әкімдікпен қадағалап отырамыз. Егер жазасын өтеуші қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады, - деді Қуаныш Ерболатұлы.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Тараз қалалық №3 пробация бөлімінде қоғамдық жұмысқа тартылған 14 сотталғанның жеке ісі қамаққа алумен алмастырылды.
Әмина Масатбай, Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің әділет аға лейтенанты
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді