«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бір күнде, бір мезгілде

Бір күнде,  бір мезгілде
ашық дереккөз
Бір күнде, бір мезгілде

ҚР Президенті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлытау төріндегі сұхбатында айтылған негізгі бағыттарды талқылауға арналған оқу-тәжірибелік конференциялар бұрнағы күні еліміздегі мемлекеттік жоғары оқу орындарының барлығында бір күнде, бір мезгілде өткізілуі жүзеге асырылды.

Қоғам қайраткерлері, ғалым-ұстаздар, дінтанушылар, сондай-ақ, студенттердің қатысуымен мұндай басқосу өңірдегі жоғары мектептердің «қарашаңырағы» саналатын Тараз мемлекеттік университетінде де болып өтті. Жиынды аталмыш оқу орнының бірінші проректоры Асқар Абдуалы ашып, жүргізіп отырды. Ол Ұлытау ұлағатының жастар үшін де, ересектер үшін де айрықша маңызы бар екендігін, оны әркім өз саласында өз деңгейінде насихаттап, нақты іс жүзінде көрсетуі де тиістігін атап өтіп: – Елбасының Ұлытау төрінде берген бұл сұхбатын еліміздің қоғамдық-саяси, мәдени-әлеуметтік, экономикалық салаларындағы мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдамалардың жалғасы ретінде де қарастыруға тиіспіз, – деді. Мұндай талқылаулар осымен тоқталып қалмай, күнбе-күнгі  оқу үдерістерінде, факультативтік, кураторлық сағаттарда одан әрі жалғаса да бермек. Басқосуда «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының директоры Тәкен Молдақынов «Тараз және қараханидтер кезеңі»,  философия ғылымдарының кандидаты, профессор Тәуекел Жаңақұлов «Тіл – Қазақстан халқы тұтастығының басты кепілі», филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Құлбарақов «Келешекке – кемел дамумен», экономика кафедрасының аға оқытушысы Сардарбек Нарматов «Экономикалық интеграция: қажеттілік және перспективалар», «Дінтану» орталығының директоры Таңжарық Тұрғанқұлов «Ислам – ұлттық дамудың өзегі» тақырыптарында тұшымды баяндамалар жасады. Бұдан соң бірқатар ұстаздар Елбасы сұхбатынан туындайтын міндеттерге байланысты ой-пікір, ұсыныстарын ортаға салды. Олардың барлығы да «Мемлекет басшысының айтқандары сөз күйінде қалмайды, нақты іске де асырылатын болады. Өйткені, Ұлытау ұлағаты қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып отыр. Бұл әрі біздің де қолымыздан келетін іс» деген пікірде.

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар