Сотталғандардың денсаулығы бақылауда
Жазаны орындайтын мекеме міндеттерінің бірі – денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, бас бостандығы шектелген азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға медициналық көмек көрсету.
Жуырда облыстық «Садыхан» ЖШС-нің дәрігерлерінің көмегімен облыс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінде арнайы контингенттер арасында медициналық тексеру жұмыстары жүргізілді.
Профилактикалық шара барысында сотталғандарға терапевт, эндокринолог хирург, офтальмолог, невропотолог, оторинолог, стоматолог, уролог және гинеколог сияқты мамандары көмек көрсетті.
– Аталған профилактикалық шара барысында 176 адам тексерілді. Дәрігерлер мекеменің медициналық бөлімінің жұмысына сондай-ақ медициналық ұжымның жұмысқа қабілеттілігіне оң пікір білдірді. Көп жылдар бойы біздің мекемемен тығыз байланыста қызмет етіп келе жатқан облыстық «Садыхан» ЖШС-нің дәрігерлеріне алғыс айтамыз, – деді мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков.
Мадина Сухамбердиева,
ЖД-158/5 мекемесінің медбикесі
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




