Қазақстанның басты байлығы - еліміздің азаматтары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауы, барлық салаға серпін беретін, еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, халық игілігіне көзделген, Қазақстанның алға даму жолына арнайы жұмыстар бекітілген тарихи құжат, нақты мәселелерді қарастырады. «Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала береді. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар. Қазақ тілі, шын мәнінде, білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл-заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі», деп Мемлекет басшысы тіл мәселесіне де ерекше тоқталды.
Қазіргі таңда, короновирусқа байланысты әлемдік дағдарыс бүкіл адамзаттың табысына кері әсерін тигізді. Осыған орай, Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің арасында ең төменгі жалақы бойынша біршама артта қалып отырғанымызды да Мемлекет басшысы ерекше тоқталып өтті.
Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ең төменгі жалақыны қазіргі 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтерілетінін атап өтті.
Мемлекеттік аппарат біртұтас құрылым ретінде жұмыс істеуге міндетті. Солай болған жағдайда ғана біз көздеген мақсаттарымызға қол жеткіземіз.
«Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді» деп халқымыз бекер айтпаған. Жамбыл облысының Әділет Департаменті Д. Султанбеков
Ұқсас жаңалықтар
Туа біткен жүрек ақауын емдеудің жаңа әдісі табылды
- 17 қыркүйек, 2024
Тұмауға қарсы екпе салу басталды
- 17 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді