Саңлақ спортшыларымызға – сый-құрмет
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің қызметкерлері арасында самбо күресінен өткен ІХ чемпионаттың қорытындысы бойынша үздіктер қатарынан көрінген спортшыларды марапаттады.
Шара барысында Теңізжан Нұрмаханұлы спортты жанына серік етіп, өңіріміздің атын шығарып жүрген саңлақтарға ыстық ілтипатын көрсетті. - Спорттың қоғамда алар орны ерекше. Себебі, спорт – ұлт мерейі, денсаулық, рухтың күштілігі. Бүгінгі күні облыстың түкпір-түкпірінде спорттық сауықтыру кешендері салынып жатыр. Онда әртүрлі салада қызмет ететін жастар жаттығып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Жуырда ғана өз мәресіне жеткен ҚАЖ саласының қызметкерлері арасындағы ел біріншілігінде өңіріміздің намысын қорғаушы қызметкерлеріміз жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бұл – спортшылар мен бапкерлердің, спорт саласында еңбек етіп жүрген мамандардың маңдай терінің жемісі, - деген Т.Жәнібеков спортшыларға жаңа спорттық жетістіктер мен жеңістер тіледі.
Айта кетейік, Павлодар облысының Щучье қаласында өткен чемпиоантта қос жерлесіміз Сержан Төлепбергеновпен Елдос Қуанышбек сәтті өнер көрсетіп, жүлделі ІІ және ІІІ орынды жеңіп алған болатын. Дәл осы тұста саңлақтарымыздың бапкерлерінің елеулі еңбегін атап жөн. Себебі, қандай талант иесі болсаңыз да, ұстазсыз жетістікке жетуіңіз мүмкін емес!
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді