Жастық
Сәулеш ШӘТЕНОВА. (1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан және сексенінші жылы жастық шағы өткендерге арнаймын)
Жастыққа тән бе отыру үйде жан бағып,
Жастықты біздер жабырқатуға арланып.
«Жастық-ай, шіркін!» деу үшін біреу таңқалып,
Жастықты біздер ерлік жасауға арнадық.
Жастықтың білмей жалт етіп өтіп кетерін,
Жастықта талай татқанбыз у мен шекерін.
Жастықта жандық лапылдап, лаулап, от өріп,
Жастықта білмей қорқыныш деген не екенін.
Жастық-ай, шіркін, алмастай қылпып тұратын,
Жастық қой осы – шыңға да шырқап шығатын.
Жастықта міндік арғымақ арман жалына,
Жастық-ай, көзсіз, айға ұшып, жарға жығатын.
Жастықтан ығып тұрады қартаң ғасырым,
Жастық-ай, cүйер сезімнің нағыз асылын.
Жастықсыз ойдың ағзасы қурап шіриді,
Жастықтың оны өртемесе егер жасыны.
Жастыққа тән бе отыру үйде жан бағып... Жоба жетекшісі: Көсемәлі Сәттібайұлы ckosemali@mail.ru
Фариза ӘБДІКЕРІМОВА fariza_abdikerimova@mail.ru
Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ tursynbek-ak-zhol@mail.ru
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




