Денсаулық
Жедел іс-шара барысында сотталғандардың жұмыс орны тексерілді
- author «Ақ жол»
- 24 маусым, 2021
- 640
Жедел іс-шара барысында сотталғандардың жұмыс орны тексерілді
Маусым айының 21-27 күндері аралығында республика көлемінде "Шартты түрде" жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Бұл іс-шараның басты мақсаты - пробация қызметі есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандардың жаза өтеп жүріп, пробация қызметі бақылауынан жалтаруының, құқық бұзушылық пен қайта қылмыс жасауының алдын алу және сотталғандармен тәрбиелік жұмыстар жүргізіп, оларға өз құқықтарымен жауапкершіліктерін түсіндіру.
Іс-шара барысында пробация және учаскелік полиция қызметкерлері сотталғандардың тұрғылықты мекен жайлары бойынша тексеріп, олардың ата-аналары және жақын туыстарымен, сонымен қатар оның мінез құлқына оң ықпал ете алатын жора-жолдастарымен профилактикалық әңгімелесуде.
"Шартты түрде " жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Меркі аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сот шешімімен қоғамдық жұмысқа тартылған сотталғандың жұмыс орындары тексерілді. Олармен профилактикалық сұхбат жүргізіліп, қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу шарттарымен тәртібі түсіндіріліп, ешқандай себепсіз қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған жағдайда, бұл жаза түрі қамаққа алумен ауыстырылатыны ескертілді.
Арайлым Самбетова, Меркі аудандық пробация бөлімінің бастығы әділет майоры
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




