Мереке күні марапатталды
Жыл сайын 23 маусым күні Қазақстан Республикасының полиция күні мейрамы атап өтіледі. Бұл күн осынау жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болғандарға, ардагерлерге және бүгінде осы қатарда еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні. Сонымен қатар, бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні болып саналады.
Тәртіп сақшыларының төл мерекесінде өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шарада мекеме бастығы әділет майоры Раушан Ахметов әріптестерін мерекелерімен құттықтады.
Баршаларыңызды Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғап, қоғамдық тәртіпті қадағалап жүргендердің алдыңғы қатары - сіздерсіздер. Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай! Кәсіби мерекеміздің қарсаңында барлық ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметкерлеріне мықты денсаулық, отбасыларына амандық тілеймін, - деді Р.Ахметов.
Айта кетейік, салтанатты шара соңында мекеменің үздік қызметкерлері марапатталды.
Айнұр Бателова, ЖД-158/5 мекемесінің қызметкері
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




