Күзгі көңіл
Данияр Әлімқұл.
Жапырақты жататын үзіп-үзіп, Осы біздің Тараздың күзі қызық. Ұласқаннан күзіне мезгіл сары Ұнатқаннан ұйқымды қызы бұзып. Қызы бұзып жіберер көңіл райын, Күзі қызық, біледі өмір жайын. Арулары қинайды күзде гүлдеп, Ақындары қимайды «көңілді» айын. Жанарында жүретін жүзіп күзі, Жолықтырдым мөлдір көз «бұзық» қызды. Ең әдемі арудың, шаһардағы, Ең сүйікті екенін күз ұққызды. Күз ұққызды, тағы да жүз ұққызды, Айналшықтап кетпейді қызық бізді. Аламын деп жапырақ тал басынан, Алмаңдаршы арулар үзіп күзді. Тоқсан күндік тағдыры – сәл аз бағы, Күзбен неге келіспей араз бәрі? Өлең күткен ақындай сарғайыпты, Шайырлардың мезгілі Тараздағы. Жапырағы жататын жолақ болып, Алтын дерсің көзіңмен тонап көріп, Тағы қалай теңейін оданша өзің Тараздың күзіне кел қонақ болып.Ұқсас жаңалықтар
Қаламгердің шығармасы өз дауысымен жазылады
- 5 наурыз, 2026
Ақжал ақын Серік Томановтың туғанына – 70 жыл
- 4 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




