Жас сарбаздар әскерге бейімделуде
Гвардейск гарнизонында Құрлық әскерлеріне қарасты оқу орталығының жас толымдары – сарбаздар атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындады.
Қазіргі таңда жас сарбаздар әскери қызметке бейімделу кезеңінен өтуде. 30212 әскери бөлімінің жас толымдары жоспарға сәйкес атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындады.
Іс жүзінде атыс даярлығы сабағында карантин талаптары ескеріліп, арақашықтық сақталды. Атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындау барысында қауіпсіздік шаралары сақталып, ұйымдастырылып өткізілді.
Жас сарбаздар қарудың құрылымын және бастапқы жаттығу мен ату кезіндегі қауіпсіздік ережелерін жатқа меңгерді. Сондай-ақ, атыс даярлығы сабағы барысында практикалық оқу орнынан бөлек оқу нүктелерінде атыс қаруынан атуға дайындалу, атыс қаруын дұрыс көздеу және тағы басқа нормативтерді орындады.
- Бүгінгі күн ұмытылмастай есте қалды. Алғаш рет атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындадық. Мен, жаттығуды орындау барысында үлкен жауапкершілікті сезіндім. Офицерлер мен сержанттар бізге қаруды қолданудың әдістерін үйретті. Оларға үлкен рахмет. Мен, Отан алдындағы борышымды өтеуге әскерге келгеніме өте қуаныштымын, - деді жас сарбаз Әділ Әбенов.
- Бүгінгі бастапқы жаттығу жас сарбаздардың жауынгерлік рухын көтеріп, оларға үлкен жауапкершілікті сезіндірді. Олардың қызығушылығы артып, көңілдері қуанышқа бөленді, - деді ұлан майоры Рүстембек Дәрменбаев.
Гвардейск гарнизоны баспасөз қызметі

Гвардейск гарнизоны баспасөз қызметіҰқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді