Ынтымақтастық Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен басталған
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Консультативтік Кеңесінің төрағасы Абдалла Әл аш-Шейхті қабылдады. Кездесу барысында парламентаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды, сондай-ақ, оны әрі қарай дамыту мүмкіндіктері қарастырылды. Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі болып саналатындығына тоқталды. – Корольдік біздің елімізге тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап екіжақты саяси іс-қимыл тұрғысынан да, халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық арқылы да қолдау көрсетіп келеді. Сіздің елдің көмегімен Астанада бірқатар ғимараттар салынды, бұл біздің екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастардың көрінісі болып саналады. Қазақстан Корольдікпен түрлі салаларда, соның ішінде сауда-экономика саласында ынтымақтастықты бұдан әрі дамытуға дайын, – деді Мемлекет басшысы. Өз кезегінде Абдалла Әл аш-Шейх Елбасының қабылдауына ризашылығын білдіріп, бұл оның Қазақстан Президентімен төртінші рет кездесуі екенін айтты. Ол ТМД мемлекеттері ішінде айрықша орынға ие біздің еліміздің қарқынды дамуына назар аударды. Сауд Арабиясы Корольдігінің Консультативтік Кеңесінің төрағасы екі елдің арасында ынтымақтастықты кеңейтуге болатын бірқатар перспективалы салалардың бар екенін де атап өтті.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Уақыт күттірмейтін заман талабы
- 17 қыркүйек, 2024
Адал істің жемісін архивтен тапқан жан
- 17 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді