«Әскери антқа адал бол» онкүндік аяқталды
Гвардейск гарнизонының әскери бөлімдерінде «Әскери антқа адал бол» тақырыбында онкүндік өтті.
Онкүндік аясында жеке құраммен жарғыға қарсы қарым-қатынастың алдын алу және билікті асыра сілтеу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, жеке қарым-қатынастың проблемасы, әскери қызметшілер арасындағы жанжалды шешу, әскери ұжымды басқару психологиясы. Қылмыстық құқық-бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік тақырыптары бойынша сабақтар жүргізілді. Сондай-ақ, барлық санаттағы жеке құраммен тәрбие жұмыстары ұйымдастырылып, сұхбаттар мен әлеуметтік жағдайлары бойынша жасырын сұрақ-жауап алынды.
Сонымен қатар, Әскери полиция бөлімі әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің бастығы әділет аға лейтенанты Жамбыл Әбікеев құқық-бұзушылықтың алдын алу бойынша 82796 әскери бөлімінің жеке құрамымен сабақтар өткізді.
Онкүндік аясында жеке құраммен жарғыға қарсы қарым-қатынастың алдын алу және билікті асыра сілтеу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, жеке қарым-қатынастың проблемасы, әскери қызметшілер арасындағы жанжалды шешу, әскери ұжымды басқару психологиясы. Қылмыстық құқық-бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік тақырыптары бойынша сабақтар жүргізілді. Сондай-ақ, барлық санаттағы жеке құраммен тәрбие жұмыстары ұйымдастырылып, сұхбаттар мен әлеуметтік жағдайлары бойынша жасырын сұрақ-жауап алынды.
Сонымен қатар, Әскери полиция бөлімі әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің бастығы әділет аға лейтенанты Жамбыл Әбікеев құқық-бұзушылықтың алдын алу бойынша 82796 әскери бөлімінің жеке құрамымен сабақтар өткізді. - Бауыржан Момышұлы айтқандай «Тәртіп - тәрбиенің құлы, тәртіпті Отанның ұлы», тек әскери тәртібі мығым әскери ұжым ғана қойылған кез келген тапсырмаларды сапалы орындауға қауқары жетеді. Онкүндік аясында біршама іс-шаралар жүзеге асырылды. Тәртіпті нығайту бойынша жүргізілген тәрбие жұмысы іс-шаралар әлбетте өзінің оңтайлы әсерін тигізетініне сенім артамын, - деді 82796 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары гвардия подполковнигі Біржан Азмұхаметов.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




