Жамбыл облысы мәслихаты хатшысының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №135 өкімімен Жамбыл облыстық мәслихатының аппарат басшысы болып Біржан Мықтыбекұлы Күзембеков тағайындалды.
Күзембеков Біржан Мықтыбекұлы 1979 жылы туылған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 2000 жылы Алматыдағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін орыс тілі мен әдебиеті және 2004 жылы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін заңгер-құқықтанушы мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты жалпы бөлімінің бас маманы болып бастаған. 2002-2005 жылдары Жамбыл ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру-кадрлық және бақылау жұмыс бөлімінің бас маманы, кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған. 2005-2006 жылдары Жамбыл облыстық мәслихатының бас маманы. 2006-2009 жылдары Жамбыл облыстық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы. 2009 жылы облыстық мәслихат аппаратының талдау және іс-жүргізу бөлімінің меңгерушісі, 2012 жылы облыстық мәслихат аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі, 2013 жылы Жамбыл облыстық мәслихаттың аппарат басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




