«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мемлекеттік қызметші – қоғам айнасы

Мемлекеттік қызметші – қоғам айнасы
ашық дереккөз
Мемлекеттік қызметші – қоғам айнасы
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Мемлекеттік қызметші өзінің функционалдық міндеттерін мінсіз орындау арқылы ел азаматтарының мемлекеттік қызметке деген сенімін арттырып, өз іс-әрекетімен сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жсау мен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда барша бұқара халыққа үлгі болуы тиіс. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің атқарған жұмысына, ұжымда және жұртшылықпен өзін ұстауына, мінез-құлқына, сондай-ақ олардың киіну стиліне ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс. Мемлекеттік қызметшінің моральдық бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөлінуінің астарында оның іскерлігі ғана емес, сонымен қатар айналасындағыларға құрметі мен ізеті де сараланады. Қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстанып, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін күйде болу жағдайларына жол бермеуі тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынас барысында әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшілер – билік пен қарапайым бұқара халықтың арасын жалғайтын алтын көпір. Мемлекеттік қызметші болу зор жауапкершілікті, абыройлы міндетті жүктейтіні сырт қараған адамға байқала бермейтіні рас. Оған лайық болуы үшін қызметшінің бойында кәсіби біліктілігінен бөлек адами құндылығы да жоғары болуы тиіс. Д.Кучербаева - Қаржы және материалдық техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы  

Ұқсас жаңалықтар