Баянды болашақ бүгіннен

Баянды болашақ бүгіннен
ашық дереккөз
Баянды болашақ бүгіннен

22Махамбет Дүйсембаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат.

Өз еліміздің шынайы патриоты ретінде мен Елбасымыздың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында белгіленген асқақ мақсаты бар, аз уақытта қуатты мемлекет құрған талантты да еңбекқор халқыммен мақтанамын. Егер мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына сайлансам, өзімнің барлық күш-қуатымды Отанымыздың ең дамыған 30 елдің қатарына ену жөніндегі мақсаттарға қол жеткізуін қамтамасыз етуге жұмсаймын. Бұл үшін келесі міндеттерді шешу қажет деп санаймын. Салық жүйесін және кедендік рәсімдерді босаңдату саясатын жалғастыру қажет. Бұл ретте мен Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясында айқындаған бағытын толық қолдаймын. Болашақ салық саясаты ішкі өсім мен отандық экспортты, жинақтауды, үнемдеуді және салымды ұлғайтуды ынталандыруы тиіс. Экономикада шағын және орта бизнес үлесінің артқанын қолдаймын. Кәсіпкерліктің дәл осы формасы нарық өзгерістеріне мейлінше төзімді, әрі тез қалыптасады. Экономиканың дәл осы сегментін мемлекеттік қолдаулар ұлғайту, қаржының қолжетімділігін арттыру, салық салмағын азайту және тауарларын өткеруге жол ашу арқылы серпінді дамыту қажет. Ауыл шаруашылығы ғылымдарын дамытуға бөлінетін қаржыны ұлғайту керек деп санаймын. Оның басым бөлігін озық технологияларды, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары мен асыл тұқымды мал түрлерін жерсіндіруге бағыттау керек. Ауыл еңбеккерлерін несие және лизинг арқылы техникалармен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, ауылдық жерлердегі орта және шағын бизнес субъектілерін несиелендіруге айрықша назар аудару және жер игеру мен өнімдерді күтіп-баптау, жинау мақсатындағы техникалық қызмет көрсету жүйесін қалыптастыруға ықпал ету кезек күттірмейді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, сондай-ақ, сапалы, қолжетімді әрі бәсекеге қабілетті өнім шығару отандық агроөнеркәсіп кешенінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін қайта өңдеу кәсіпорындарын жеткілікті түрде несие ресурстарымен қамтамасыз ету керек. Жаңадан салынатын қайта өңдеу кәсіпорындарын мемлекеттік қолдауға ерекше мән беру қажет. Бұл ретте жаңа тетіктер ретінде инвестициялық субсидиялар мен венчурлық қаржыландыруды жолға қойған жөн деп есептеймін. Ана мен бала денсаулығын қорғаудың барлық шараларын дамыту қажет. Халық санын кепілдендірілген медициналық қызмет көрсету ауқымында тегін медициналық қызметпен қамтамасыз ету арқылы шешу, ұлттық қауіпсіздігімізді сақтаудың басты негізі болып табылуға тиіс. Тұрмысы төмен отбасылар мен жас мамандарға арналған муниципалды тұрғын үй қорын құру және ипотекалық тұрғын үй құрылысы жүйесін жетілдіру, зейнеткерлерді, мүгедектерді, көпбалалы отбасыларын, жастарды, тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғау жүйесін одан әрі дамыту, назардан тыс қалмайды. Қоғамның тұрақтылығы мен келісімді өмір сүруі үшін тұрғындардың өмір сүру деңгейінің тұрақты өсуін қамтамасыз етуге тиіспіз. Барлық мемлекеттік бағдарламалар осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Мен жұмыссыздықты азайтатын, тұрғындардың табысын ұлғайтатын бағдарламалар жасауға белсенді түрде қатысатын боламын. Мен отандастарымның барлығының қауіпсіз өмір сүруіне, оларға бірдей мүмкіндіктер беру арқылы ел ертеңіне деген нық сенімін туғызуға жағдай жасау үшін Парламент Сенатының депутатына берілген құқықтар аясында барлық мүмкін болған шараларды жүзеге асыруға дайынмын.

Мақаланың ақысы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.

Ұқсас жаңалықтар