Денсаулық
Әдеп кодексін сақтау мемлекеттік қызметкердің басты міндеті.
- author «Ақ жол»
- 25 наурыз, 2021
- 328
Әдеп кодексін сақтау мемлекеттік қызметкердің басты міндеті.
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен қабылданған. Бұл Кодексте мемлекеттік қызметшілердің моральдық – әдептілік нормаларына сәйкес оралдың моральдық – әдептілік бейнесіне қойылатын талаптары, сондай-ақ мінез құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттығы, қызметтік қатынастардағы көпшілік алдындағы, оның ішінде бұқараралық ақпарат құралдарына сөйлеумен байланысты мінез – құлықтар стандарттары белгіленген. Осыған байланысты, Жамбыл облысы Әділет департаментінде ағымдағы жылға әдеп кодексі талаптарының сақтауы, құқық бұзушылықтың алдын алуына бағытталған іс-шаралар бекітіліп, орындалуда. Мемлекеттік қызметшілердің мінез - құлық стандартарының сақталуына жүйелік бақылау жүргізу, өз кезегінде мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы заңнама талаптарының және қызметтік әдеп нормаларының бұзылуының алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің міндеттері, шектеулері, және мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларын сақтау жайлы және еңбек, орындаушылық тәртіптерін сақтау мәселелер, қызметшілердің жауаптылығы, мінез-құлқының жалпы стандарттары әрбір мемлекеттік қызметкердің қай кезде болмасын жоғары моральдық әдеп нормаларын сақтаулары бойынша атқарылатын іс-шаралар қаралған.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің моральдық – әдептілік нормаларына сақталуын Әділет департаментінің басшысымен бекітілген жоспарға сәйкес үнемі бақылауда, сондай-ақ департамент басшыларымен және қызметкерлерінің қатысуымен және басқа да мемлекеттік органдармен әдеп кодексі талаптарын сақталуы туралы үнемі кездесулер өткізіліп тұрады.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарына сәйкес департаменттің барлық қызметкерлеріне қағидалары мен талаптары таныстырылып және басшылық тарапынан үнемі бақылауда. Департаментте жеке және заңды тұлғалардың арыз – шағымдарын қарау, олардың оң шешімін табуы тиісті заңдылықтарға сәйкес жолға қойылған. Сонымен бірге, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Департамент басшылығына кедергісіз жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Департамент басшысы мен орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілді және «Сенім телефоны» жұмыс жасайды. Бұған қоса, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау жәшігі жұртшылыққа қолжетімді, Департаментке кіре беріс жерге орналастырылған.
Нурмаханбетова А.-Жамбыл облысы Әділет департаментінің бас маманы.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді