«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Әдептіліктің негізі қалаушысы – Әдеп кодексі.

Әдептіліктің негізі қалаушысы – Әдеп кодексі.
ашық дереккөз
Әдептіліктің негізі қалаушысы – Әдеп кодексі.
Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Болашақта ұлыттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғы шарттардың санатында», - деп көрсетілген. Сондай-ақ, Ұлт жоспары – реформасын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» - бас құжаттың алғашқысы 15-і мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруден басталады. Осыған орай, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларға түбегейлі өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қабылданған мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлықтың құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қарастырылған. Жүйедегі өзгерістер сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастырып, мемлекеттік менеджменттің, халықтың алдындағы абырой-беделін көтеріп, оның сапалы моделін жасауға бағытталған. Мемлекеттік қызметшінің жаңа принциптері тиімділік, нәтижелік, ашықтық, меритократия, этика талаптарын сақтау, құқықбұзушылыққа төзбеушілік сияқтыбірқатар ізгілікті құзыреттермен толықтырылған. Сондықтан, олардың бойында коммуникативтілік, ұйымдастырушылық, ұжыммен бірлесе жұмыс жасай білу, мақсатты дұрыс анықтап, алдағыны болжау сияқты стратегиялық – логикалық қасиеттер табылуы қажет. Осының ішінде, әсіресе, әдеп мәселесінің маңызы зор. Мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да әдеп кодексін ұстануы міндетті. Оның ішінде қызметкердің сыпайы, адал, сабырлы, салмақты, ұқыпты болуы және кез келген ортада өзін іскерлік стильге сай ресми түрде ұстауы міндеттелген. Сондай – ақ, мемлекеттік қызметші еліміздегі тілдерге, салт-дәстүрлерге сыйластықпен қарап, әділ де заңды шешімдер қабылдауы, жалған ақпараттар таратпауы, сын айтқаны үшін біреуді қудаламауы және мемлекет меншігін тек қызмет бабында пайдалануы қажет. Мұны бөлек мемлекеттік қызметші жемқорлық фактісіне қатысты, тіпті, есімінің аталуына жол бермеуі, қол астындағыларды кемсітпеуі және қызметкерлердің барлығына құрметпен қарауы тиіс. Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруда жетекші рөлге ие, ең маңызды тетіктердің бірі. Мемлекеттік қызметшінің моральдық бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөлуінің себебі –оның іскерлігін ғана емес, айналасындағыларға деген құрметі мен ізетін де жетілдіру. Себебі, мемлекеттік қызметшілердің білімі мен біліктілігіне және жүріс – тұрысына қарай қазіргі қоғамда халықтың атқарушы билік жайлы көзқарасы мен оған деген сенімі қалыптасатыны да белгілі. Жамбыл облысы Әдлет департаиенті Маратбек М.

Ұқсас жаңалықтар