«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ел дамуына өз үлесімді қосамын

Ел дамуына өз үлесімді қосамын
ашық дереккөз
Ел дамуына өз үлесімді қосамын

23Владимир Новоселов, ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат. Баршаға белгілі, Президент Н. Ә. Назарбаевтың көрегенділігі нәтижесінде мемлекетіміз баянды болашаққа батыл қадам басуда. Елбасымыздың дұрыс та, дана саясатын сөзсіз қолдай отырып, «Қазақстан – 2050» Стратегиясына өз үлесімді қосуды азаматтық парызым деп білемін. Біздің болашағымыздың табыс формуласы – ол адами әлеуетті пайдалана отырып, қазақстандықтың өмір сапасын жоғарылату. Осыны ескере отырып, ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына мені сайлаған жағдайда, өз тарапымнан келесі мәселелерге бар зейінімді саламын: Біріншіден, тәуелсіздік идеологиясы мен жалпы адами құндылықтар ұстанымы, тұрақтылықты әрі қарай нығайту. Мәселен, заңның ұлықтылығы, адам бостандығы мен құқығы іргелілігін қамтамасыз ету, өзге ұлттардың салт-дәстүрі мен құндылықтарын құрметтеу, діни толеранттылық, зайырлы білімге құштарлық ағартушылық, әр азаматты қауіпсіз өмір салтымен қамту, демократиялық, адами-әлеуметтік қоғам құруда барлық күш-қуатты нығайту. Осы мақсаттарға жету үшін: Экономикалық салада: Отандық өнім өндірушілерді қолдау, озық техникалар мен технологиялар өндірістік шеңберінде, референциямен, жеңілдіктермен қамту; Жаңа техника мен технологиялар өндірісімен ғылыми техникалық деңгейді жақсарту, өнімді өткізудің әдістері, қазіргі өндірістік тәжірибені қолдану, оқыту және кадрларды қайта даярлау; Бәсекелестікті нығайту, кәсіпкерлерді қолдауда салық алымын төмендету, рұқсат жүйесін жетілдіру. ҚР инвестициялық әл-ахуалын жақсарту мақсатында, ішкі нарықты жоғары сұрыпты тауарлармен қамтамасыз ету; Заңнаманы әрі қарай жетілдіру, шағын бизнесті қаржыландыру, аймақта бағдарламаның тиімділігін көтеру, орта және шағын бизнесті дамытуда әкімшілік кедергілердің және жемқорлықтың алдын алу; Ауылдағы шаруалардың жағдайын жақсарту, ауылды жерлерде шағын және орта бизнестің өндірістеріне кредиттеу жүйесін жақсарту; Жүйенің құрылымын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықаралық талаптарға сай бәсекелесетін отандық өнімдердің сапасын жоғарылату, өткізуді толық қамту. Әлеуметтік шеңберде: Білім мен денсаулық сақтау инфрақұрылымын қорғау, біліктілікті көтермелеу, көмектесу; Ұстаздар мен медицина жұмысшыларының еңбек ақысы мен мәртебесін жоғарылату; Орта және арнаулы білім жүйесінің жаңа құрылымы, кәсіби техникалық білім, мамандарды даярлау, жұмыспен қамту; Медициналық қызметтерге қолжетімділікті арттыру, азаматтарды медициналық қызметтермен кез-келген жағдайда қамту: Дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, кепілді тегін көмек қарастыру, денсаулық сақтау мәселесінде бейресми төлемдерді азайту; Барлық жерлерде салауатты өмір салты ұстанымын насихаттау; Репродуктивті жастағы әйелдердің, ана мен баланың денсаулығын нығайтуға жағдай жасау; Демографиялық өрлеуге жағдай жасау. Зейнеткерлер, мүгедектер, аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қамту; Ипотекалық құрылыс бағдарламасын жетілдіру, аз қамтылған және жас мамандарға арнап муниципалды баспана салу; Жоғары экономикалық табысқа жету үшін тұрақтылық пен тиянақтылық, айқын мақсатты реформа қажет. Алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін толық және кең көлемде Парламент құзыретін пайдалану, мемлекеттік органдарды әрі қарай демократияландыру, бірін-бірі қайталайтын органдарды жою, бюджеттің қаржысын үнемдеу қажет деп ойлаймын. Заң тармақтарының екі мағына беруін жою, заңдарды жүзеге асыру тетігін қысқа да нұсқа болуын қадағалау қажет. Мен жергілікті мәслихат депутаттарының көмек, қолдауларымен тиісті мәселелерді заңдық тұрғыда шешетін боламын. Мен біздің Қазақстанымыздың тәуелсіздік жолында ерен еңбек етіп, еліміздің дамуы мен өркендеуіне сіздер сияқты атсалысқым келеді.

Мақаланың ақысы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.

Ұқсас жаңалықтар