АУДАННЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ
Халықты КВИ-ге қарсы жаппай вакциналау мақсатында ауданға 400 доза вакцина жеткізіліп, дәрігерлер мен мұғалімдерге ерікті түрде салынуда.
Алғашқы күні 110 адамға егілді. Екпе алғандардың 13-і мұғалімдер, қалғаны медицина қызметкерлері.
Жалпы вакцинациялау барысы мен екпе алушылардың вакцинациялаудан кейінгі жағдайы иммунолог және эпидемиолог дәрігерлер мен жансақтау бөлімінің мамандарының бақылауында. Олар екпе алуға келушілермен егілер алдында және одан кейін түсініктеме жұмысын жүргізіп, әрқайсысының денсаулығына, көңіл-күйіне жете мән беруде.
Екпе алғандар жарты сағат бойына тынығуға арналған бөлмеде болады.
Екінші күні КВИ-ге қарсы вакцина алғандардың қатарында аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Айгүл Айтбаева, орынбасары Нұрбай Ергебеков пен ота хирургия бөлімінің меңгерушісі Қалды Байрамов бар.
– Вакцина салғаннан кейінгі жағдайымыз қанағаттанарлық, ешқандай ауырсыну белгілері байқалған жоқ, өзімізді жақсы сезінеміз. Тұрғындардың өздері мен жақындарының саулығының кепілі вакцинада екенін ескеріп, вакцинациялаудан негізсіз себептермен бас тартпауға шақырамын.
Жалпы вакцинациялау барысы мен екпе алушылардың вакцинациялаудан кейінгі жағдайы иммунолог және эпидемиолог дәрігерлер мен жансақтау бөлімінің мамандарының бақылауында. Олар екпе алуға келушілермен егілер алдында және одан кейін түсініктеме жұмысын жүргізіп, әрқайсысының денсаулығына, көңіл-күйіне жете мән беруде.
Екпе алғандар жарты сағат бойына тынығуға арналған бөлмеде болады.
Екінші күні КВИ-ге қарсы вакцина алғандардың қатарында аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Айгүл Айтбаева, орынбасары Нұрбай Ергебеков пен ота хирургия бөлімінің меңгерушісі Қалды Байрамов бар.
– Вакцина салғаннан кейінгі жағдайымыз қанағаттанарлық, ешқандай ауырсыну белгілері байқалған жоқ, өзімізді жақсы сезінеміз. Тұрғындардың өздері мен жақындарының саулығының кепілі вакцинада екенін ескеріп, вакцинациялаудан негізсіз себептермен бас тартпауға шақырамын.Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




