Орталық Азия аймағының көшбасшысы саналатын біздің ел соңғы жылдары қарқынды даму жолында. Тәуелсіз Қазақстандағы экономикалық реформалармен қатар жүргізілген саяси реформалар мемлекетіміздің халықаралық аренадағы беделін жоғарылатты. Бүгін Қазақстан халықаралық және аймақтық ұйымдардың мүшесі ғана емес, батыс және шығыс елдерінің сенімді әріптесі. Беделді халықаралық ұйымдардың қатысушысы ғана емес, осы уақытқа дейін ТМД, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ секілді ұйымдардың төрағалығын сәтті атқара білген мемлекет. ЕҚЫҰ-ға төрағалығы арқылы әлемдік саясатқа өз ықпалын жүргізген республика. Тамырын тереңнен тартқан Қазақ елінің қалыптасу жолы жеңіл болды деп ешкім айта алмайды. Қазақстанның қазіргі деңгейге жетуіне өз бойына әлемдік және отандық тәжірибенің жақсы үлгілерін жинақтап, оларды қазіргі саясаттағы, экономикадағы және әлеуметтік салалардағы жағдайларға бейімдеп отырған білікті көшбасшы, сарабдал саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлі орасан екендігіне ешкім дауласпас. Ел халқының үлкендерінің де, кішілерінің де, жастарымыздың да өз болашағына деген сенімдерінің зор екендігін олардың бүгінгі бет алыстары көрсетіп отыр. Тұрғындарымыздың ертеңгі жарқын болашаққа деген сенімі Елбасының әр Жолдауынан кейін арта түсуде десем, артық айтқандық болмас. Осы тұрғыда, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында барлығымызды ұйыта түсері анық. Жолдау – «Мәңгілік Ел» жобасы ел тарихындағы жаңа дәуірдің, кемел де келісті келбетін айшықтап, өтер жолдарды саралап берді деп толық сеніммен айтуға болады.
Нұрлан МАХАШОВ, облыс бойынша қазынашылық департаменті басшысының орынбасары.
Ұқсас жаңалықтар
Семіздік те дерттің бір түрі екенін білесіз бе?
- 10 шілде, 2025
Ауруға - ем, сауға қуат бер
- 10 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді