Елбасының Ұлытау төрінде берген сұхбатын газеттен де оқыдым, теледидардан да тыңдадым. Әрине, Нұрсұлтан Әбішұлының көрегендігін, сөзге шешендігін, ойының ұшқырлығын бәрі мойындайды. Бұл сұхбат ерекше қырынан танылды. Ел мен жер, тіл мен дін, тарих пен мәдениет, қазіргі саясат, экономикалық жағдай – бәрін жіліктеп, қолмен қойғандай етіп айтып берді. Ең бастысы, Президент елге өз ойын нақты әрі қарапайым тілмен жеткізе білді.
«Біздің «теңізіміз» – Ресей территориясы. Біздің «теңізіміз» – Қытай территориясы. Осы екі мемлекетті теңіз деп санасақ, біз солардың жағасында тұрмыз. Енді біз осылармен сауда-саттық жасамасақ, онда экономикамыз қалай өседі?» – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Шынында, Еуразиялық экономикалық одақты әр ел мен континенттерді сауда-саттық жағынан байланыстырған Ұлы Жібек жолының бейнесі деп айтуға әбден болады. Жібек жолы – әлемдегі ең көне, жан-жақты дамыған, тұрақты, бейбіт өмір сүрудің символы болған экономикалық-дипломатиялық байланыс қой. Еуразиялық экономикалық одаққа ене отырып Қазақстан Қара және Балтық теңіздеріне баж салығынсыз шығуға мүмкіндік алды. Қазіргі таңда Владивосток арқылы Тынық мұхитқа да еркін өткел тауып отыр. Темір жол және автомобиль магистралі құрылыстарының аяқталуы елімізді Еуропа мен Азия арасындағы аса қуатты көлік дәлізіне айналдырады. Тарихшы-философтар ХІХ ғасырды – Еуропа ғасыры, ХХ ғасыр – Америка ғасыры, ХХІ ғасыр – Азия-Тынық мұхит өңірінің ғасыры деп тұжырым жасауда. Шамасы, үшінші индустриялық революцияның жемісі де осы жаққа қарай ауыспақ. Заман талабымен даму қарқынына сай әлемдегі екінші және үшінші (Қытай, Жапония) экономикалық державалар, аса жаңа технологиялар, әскери әлеует, саяси салмақ, идеология мен құндылықтар осы өңірге жайғасқан. ХХІ ғасырда ешқандай мемлекет оқшауланған жағдайда әлемдік бәсекелестіктің дамуына төтеп бере алмасы анық. Тек қана жер астындағы байлыққа иек артып, ғылыми-техникалық жаңа технологияға негізделген өндірісті дамытпай, әлемдік бәсекелестікке сай даму мүмкін емес. Осының тамырын дөп басқан Елбасы табыстан түскен қаржының біразын өндірісті әртараптандыру саласына пайдаланудың қажеттігін баса айтуда. Бұл біздің стратегиялық бағыт – шикізат экспортынан дайын өнім экспортына көшу деген сөз. Жаңа интеграциялық бірлестіктер отандық кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндіктер туғызып отыр. Атап айтсақ, Қазақстан қазіргі кезде сыртқы нарыққа 700-ден астам тауар шығарып сатуда. Соңғы екі жылда қазақстандық тауарлардың Ресей нарығына көптеп еніп жатқанын байқауға болады. Қоғам болған соң одақты, интеграцияны сынға алып жатқандар да баршылық. Әлеуметтік стратегия және саяси зерттеулер АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия елдері бойынша көмекшісі Р.Блейк осы интеграция туралы оң пікірін: «Түркиядан Каспий теңізі арқылы Оңтүстік Азияға дейін созылған динамикалық дамудағы аймақта тығыз ынтымақтастық пен интеграция өркендеу мен тұрақтылыққа алып келеді», деген байламмен білдіреді. Елбасы бұл жөнінде «Біреулер «Ресей бізді қайтадан басып алатын болды» деп қорқақтайды. Олай емес. Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері жиналып, үш Президент мәселе қараған кезде, біреуі қарсы болса, ешқандай шешім қабылданбайды. Консенсус деген сол. Егер екеуінің шешімі жақпайтын болса, мен қарсы боламын, мәселе шешілмейді. Сондықтан, бәрінің құқығы бірдей», – деп әңгіменің ашығын айтты. Шынында, ЕАЭО-да ең басты мәселе – Қазақстанның Тәуелсіздігі, бұл ылғи бірінші орында тұрады. ЕАЭО тек экономикалық одақ екенін естен шығармаған жөн.
Тәуекелбек ЖАҢАҚҰЛОВ, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың профессоры.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді