Атыс даярлығы қарқынды жүруде
Гвардейск гарнизонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлеріне қарасты әскери бөлімдерде жауынгерлік оқу-жаттығу өтті.
Әскери бөлімдердің жеке құрамы «Мәтібұлақ» полигонында шатырлы қалашыққа орналастырылды. Ол жерде далалық асханалар қойылып, жеке электр жарық көздерімен қамтамасыз етілген, сондай-ақ барлық санитарлық нормалардың сақталуы қарастырылған.
Практикалық сабақтар жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, күндіз және түнде жүргізілуде. Атыс даярлығы әскери қызметшілердің практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Әскери қызметшілер өз білімдері мен дағдыларын арттырып, әртүрлі жағдайларда штаттық қару-жарақпен атыс жүргізеді. Яғни, теорияда алған білімдерін іс жүзінде көрсетеді. Жеке құрам ату кезінде жеке жауынгерлік міндеттерін пысықтай отырып, нысанаға дәл көздеп атуды үйренеді.
Әскери бөлімдердің жеке құрамы «Мәтібұлақ» полигонында шатырлы қалашыққа орналастырылды. Ол жерде далалық асханалар қойылып, жеке электр жарық көздерімен қамтамасыз етілген, сондай-ақ барлық санитарлық нормалардың сақталуы қарастырылған.
Практикалық сабақтар жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, күндіз және түнде жүргізілуде. Атыс даярлығы әскери қызметшілердің практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Әскери қызметшілер өз білімдері мен дағдыларын арттырып, әртүрлі жағдайларда штаттық қару-жарақпен атыс жүргізеді. Яғни, теорияда алған білімдерін іс жүзінде көрсетеді. Жеке құрам ату кезінде жеке жауынгерлік міндеттерін пысықтай отырып, нысанаға дәл көздеп атуды үйренеді. - Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, атыс даярлығы сабақтарын жүргізудеміз. Қазіргі таңда әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығы жоғары деңгейде. Атыс даярлығы барысында әр әскери қызметшінің іс-әрекеті қадағаланып отырады. Сабақ соңында міндетті түрде қорытынды жүргізіліп, үздіктер марапатталады, - деді танк батальонының командирі майор Жақсылық Мырзалиев.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




