Сегіз айда 80328 рет жол ережесін бұзған
«Жолда қабылдау» республикалық акциясы шеңберінде облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалымен бірлесіп, жол бойында жүргізушілерге құқықтық көмек көрсетті, жол қозғалысындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін акцияның мақсаты – мемлекеттік құрылымдарға, жол полициясы қызметіне тұрғындардың сенімін арттыру. Партия мен халық арасындағы байланысты нығайту. Жамбыл ауданы Тараз, Аса, Шайқорық жолында жүргізушілер арнайы анкета арқылы жол сақшыларына деген пікірлерін де білдірді. Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Жалғас Жанұзақовтың айтуынша, ағымдағы жылдың сегіз айында 80328 рет жол ережесі бұзылыпты. Оның ішінде 1061 жағдайда көлікті басқарып келе жатқандардың ішімдік ішкендігі анықталған. 26155 жүргізуші жылдамдықты асырып жіберсе, 757-сі қарсы бағытқа өтіп кеткен. 287 жағдайда жүргізушілер полиция қызметкерлерінің талабын орындаудан бас тартқан. Мұның әрқайсысының артында адам тағдыры тұрғандығы белгілі. Қазіргі көлік апаттары жиілеп кеткен тұста, мұндай шаралар бір пайдасын тигізіп жатса әрине, қуантады. Сондықтан, аталған акция да тек «орындалды» деген белгі үшін ғана емес деп сенгіміз келеді.
Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




