«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты енгізілген өзгерістер

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге  қатысты енгізілген өзгерістер
ашық дереккөз
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты енгізілген өзгерістер
           2021 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
         Заңмен Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 460-бабы алып тасталды.

Яғни, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылмайды.

Егер бұрын меншік иесі құқықтардың туындауын тіркеуге уақытылы жүгінбеген жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылса, қазір меншік иесі осындай жауапкершіліктен босатылды.
Аталған өзгерістер 2021 жылдың 7 ақпанынан бастап қолданысқа енгізілді.   «Қазақстан заңгерлерінің одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Жамбыл облысы Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік  қамтамасыз ету және бақылау бөлімі басшысының м.а. Асанбаев Ж.Е.   Изменения,  внесенные в отношении регистрации прав на недвижимое имущество            26 января 2021 года Главой государства подписан Закон «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации прав на недвижимое имущество и юридических лиц». Законом исключена ответственность предусмотренная статьей 460 Кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года № 235-V «Об административных правонарушениях». То есть, исключена административная ответственность за нарушение срока регистрации прав на недвижимое имущетсво. Если ранее собственник в случае несвоевременного обращения за регистрацией возникновения прав привлекался к административной ответственности, то сейчас собственник освобожден от такой отвественности. Данное изменение введено в действие с 7 февраля 2021 года.     Член Республиканского общественного объединения «Союз юристов Казахстана», И.о. руководителя отдела методологического  обеспечения и контроля в сфере регистрационной службы Асанбаев Ж.Е.

Ұқсас жаңалықтар