Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде құқықтық мәртебеге ие болып, ел халқының ұйымдастырушы, біріктіруші факторы ретінде тұғырға қонуы, қолдану аясының кеңейіп, руханиятымыздың ұлы көшінің бастауында тұруы тәуелсіздігіміздің жемісі екені анық. Жылдан-жылға оның ел өміріндегі маңызы арта түсуде. Осы тұрғыда азаматтардың мемлекеттік тілді білу деңгейін нақтылы айқындайтын «Қазтест» отандық жүйесінің қолданысқа енгізілгені белгілі. Бұл жүйе былтыр өңірімізде байқап көру түрінде алғаш рет жүзеге асырылды да. Оның биылғы өткізілімін Тараз, Қаратау қалалары мен Жуалы, Талас, Сарысу, Т. Рысқұлов аудандарының мемлекеттік және бюджеттік мекемелері қызметкерлерінің арасында ұйымдастырдық. Тестілеумен аудан әкімі аппараттарының, әскери бөлімдердің, денсаулық сақтау, халыққа қызмет көрсету мекемелерінің 1691 қызметкері қамтылды. Сондай-ақ, облыс бойынша Кедендік бақылау департаменті мен «Қордай» бекеті қызметшілерінің болжамдық тестілеуі мәреге жетті. Оған 389 мемлекеттік қызметкер қатысты. Аталмыш екі сынаққа қатысушылардың 98 пайызы тестілеуден алғаш рет өткенін атап өткен жөн. Олардың арасында орыс, татар, кәріс, өзбек, қырғыз, украин, ұйғыр, түрік, дүнген, тәжік, неміс, әзірбайжан этностарының өкілдері де бар. Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған мұндай тестілеу нәтижесі мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін әділ түрде тәуелсіз бағалауға, қазақ тілін оқыту курстарында оқытуды тиімді жоспарлауға, тыңдаушыларды бастауыш, жалғастырушы, тереңдетілген деңгейлерге дұрыс бөлуге мүмкіндік беріп отыр.
Күлшат ҚОЖАТАЕВА, облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы «Мемлекеттік тілді дамыту орталығының» директоры.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




