Ерлікпен қаза болғандар мәңгі есте
Гвардейск гарнизонында Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылуына 32 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Шара барысында мемлекеттік әнұранымыз шырқалып, гарнизон қалашығында орналасқан 1979-1989 жылдары Ауғанстан жерінде ерлікпен қаза болғандарға арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Сондай-ақ, бір минуттық еске алу үнсіздік жарияланды. Салтанатты шараға гарнизон бастығы, әскери бөлім командирлері, мекеме бастықтары, Ауған соғысының ардагерлері мен Ауған соғысында қаза болғандардың отбасы мүшелері қатысты.
«Біз бүгін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күнін атап өту құрметіне орай салтанатты іс-шара өткіздік. Ауған соғысында ерлікпен қаза болған батыр ағаларымызды біз ешқашан ұмытпаймыз. Әскери борышын орындау кезінде өмірін қиған адамдар туралы әрқашан есте сақтау қажет. Бұл тарихи жағдай ұрпақтан ұрпаққа жетіп, жалғасуға тиіс», - деді 40-шы «Отар» Әскери базасының бастығы полковник Талғат Оразәлиев.
Гвардейск гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор Жомарт ТажихановҰқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




