Сарымолдаевтағы сауапты іс

Сарымолдаевтағы сауапты іс
ашық дереккөз
Сарымолдаевтағы сауапты іс

Тараз қаласындағы Сарымолдаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері ерекше қуанышқа ие болды. «Қазақстан-Тараз» телеарнасының ұжымы оларға «Отау ТВ» қазақстандық жер серігі желісінің қондырғысын сыйлады. Енді балалар отандық телеарнаның мәдени, спорттық, білім бағытындағы хабарларын тамашалай алады. Қазіргі таңда мұнда ана мейірімі мен отбасы жылуынан айырылған 138 бала тәрбиеленіп жатыр. Балалар мәз-мейрам болып өмірдің бақытты сәттеріне қуануды, мейірім шуағын сыйлауды ұмытпаған. Олардың жүзінен өмірге деген құштарлық пен қамқорлықтың жылуы сезіледі. Мұндай балаларға қамқорлық жасау – игі әрі сауапты іс. – Бұл өмірде балаларға жасаған жақсылықтан артық ешнарсе болмайды. Әрбір ата-ана болсын, азамат болсын, артынан өсіп келе жатқан жасыл құрақтай балаларға көмек көрсету керек. Соларды қамқорлыққа алу керек. Ол өйткені болашаққа салынған капитал дейміз. Осы тұрғыда «Қазақстан-Тараз» телеарнасы Сарымолдаев атындағы балалар үйіне келіп, мына балаларға қайырымдылық жасап көмектесейік деген ниетпен, осы жаңа заманның «Отау тв» спутник жүйесіне қосылған телевизияны арнайы алып келіп, қондырғысын сыйлап отырмыз. Сондықтанда мұның бәрі балалардың тәрбиеленуіне солардың танымдық ой-өрісінің кеңеюіне жәрдемдеседі деп ойлаймыз. Кішкентай балалардың қуанышы, қоғамның қуанышы деп санаймын, – дейді «Қазақстан-Тараз» телеарнасының директоры Мейрамбек Төлепберген. Балалар үйінің ұжымы да осынау қуаныш пен шаттыққа толы күн сыйлаған телеарна ұжымына өз ризашылықтарын жеткізіп жатты.

«Ақ жол – Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар