Гвардейск гарнизонында марапаттау іс-шарасы өтті
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қайдар Қарақұлов Гвардейск гарнизонындағы «24-ші жол-пайдалану учаскесінің» басшысын ұжым алдында марапаттады. Шара барысында генерал-майор Қайдар Қарақұлов «24-ші жол-пайдалану учаскесі» қызметкерлерінің әскери бөлімдерде, полигондарда, мекемелерде тағы басқа жерлерде атқарған жұмыстарын бағалап, оларға рахметін айтып, алғыс білдірді. Сондай-ақ әскери бөлім командирлерінің алғыстарын жеткізді. Сонымен қатар мекеме басшысы Димаш Майтановқа естелік ретінде сыйлық табыс етті. Іс-шара барысында барлық белгіленген санитарлық нормалар сақталды.
Айта кетейік айтулы мекеме Арыс қаласында болған жарылыс кезінде өндіріс жұмыстары бойынша әскери мүліктерді тасымалдау үшін техникалармен қамтамасыз етті.
«Біздің қызметкерлер өз істерінің кәсіби шебері. Олар көптеген жұмыстарды белсене атқарды. Міне бүгінгі марапаттау шарасы соның белгісі десек болады. Біз әле де маңызды жұмыстар атқарып, жетістіктерге жетеміз. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысына үлкен рахмет. Біздің атқарған жұмыстарымызды бағалап, алғыс білдіруде», - деді мекеме басшысының орынбасары Төлеген Сейдеков.
«24-ші жол-пайдалану учаскесі» мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 наурыздағы №368 қаулысымен құрылған болатын.
24-ші Республикалық мемлекеттік мекеме – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жол-пайдалану учаскесі ҚР ҚМ объектілеріне кірме автомобиль жолдары мен әуеайлақтарды салу, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған. Атап айтар болсақ – әскерлердің жауынгерлік қабілетін қамтамасыз ету үшін әскери жүктер мен жеке құрамды олардың межелі орындарына үздіксіз жеткізу үшін автомобиль жолдарын салу. Жолдардың техникалық жай-күйін жақсартуға, тәулік бойы жүріп өтуді, қызмет көрсетілетін кірме автомобиль жолдарында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу және өткізу. ҚР ҚМ кірме автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау бойынша жұмыстар жүргізу. ҚР ҚМ кірме автомобиль жолдарын есепке алу және паспорттау.
Гвардейск гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор Жомарт Тажиханов
Ұқсас жаңалықтар
70 жасың құтты болсын, жан анам
- 31 қазан, 2024
Облыста тұңғыш рет күрделі ота жасалды
- 31 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді