Артрит: қауіпті белгілері және тегін дәрі алу құқықтары
- author «Ақ жол»
- 27 қыркүйек, 2014
- 712
50 жастан асқан адамдардың 80%-ынан астамы буын ауруларынан азап шексе, оның 60%-ға жуығы әйелдер. Сөйте тұра, олар тым кеш, емдеу қиындаған кезде ғана анықталады да, ақыр соңында мүгедектікке әкеп соқтырады. Артриттің алаңдататын және қауіпті белгілерін ерте анықтаудың соншалықты маңызды болуы неліктен? Өйткені адам алаңдататын белгілерді білмегендіктен алғашқы нышандарын ескермейді де, медициналық көмекке кеш жүгініп, аурудың созылмалы түрге ауысуына әкеп соқтырады.
Елеусіз қалдыруға болмайтын белгілерді есте тұтыңыз: Буындардың түнде қатты ауыруы. Ояна салысымен бүкіл дененің және буындардың құрысуы. Білезік және қол басы буындарының қабынуы және ісінуі. Буындардың қабынуының «ұшпалы» сипаты – алдымен бір буын іседі, артынша бірнеше күннен кейін оның қабынуы ізсіз жоғалып, бірақ қабыну бірден басқа буынға өтеді, содан кейін үшіншісіне, және т.с.с.
Егер сіз жоғарыда аталған сырқаттардың кез-келгеніне душар болсаңыз, бірден дәрігерге қаралуға кеңес береміз. Біздің елімізде ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына енгізілген буын аурулары бойынша диспансерлік есепте тұрған емделушілер тегін препараттарды алуға құқылы. Мысалы, «Ревматоидтық артрит» диагнозының барлық кезеңдері мен ауырлық деңгейлері бойынша диспансерлік есепте тұрған емделушілер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шектерінде мынадай дәрі-дәрмектерді тегін алуға құқылы: Метотрексат, инъекцияға арналған ерітінді; Метилпреднизолон, таблетка; Голимумаб, инъекцияға арналған ерітінді.
ҚИЫП АЛ ДА, САҚТАП ҚОЙ Сіз халықты тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың тізімі туралы, сонымен бірге дәрі-дәрмектерді дұрыс қолдану, олардың өзара әрекеттесуі мен мүмкін болатын жағымсыз әсерлері жайлы толық ақпаратты әрқашан www.druginfo.kz сайтынан, сондай-ақ Call-қызметінің 8-800-080-88-87 бірыңғай тегін телефон желісі арқылы алуыңызға болады.
Біздің қызметіміз Сіздерге арналады!
ҚР ДСӘДМ «ДСДРО» ШЖҚ РМК Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы.
Ұқсас жаңалықтар
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Дәрігерлерге қамқорлық артады
- 7 қаңтар, 2025
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді