Салауатты өмір салтын қолдау онкүндігі өтті
Құрлық әскерлеріне қарасты 30212 әскери бөлімінде «Әскерде қылмысқа жол жоқ» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Біз үлгілі салауатты өмір үшін!» атты онкүндік өткізілді. Шараның мақсаты бөлім әскери қызметшілерінің спирттік ішімдіктерді және есірткі тектес заттарды қолданылуына, тамақтану және медициналық, киіммен қамтамасыз ету қызметтерінің бұзылуына жол бермеу.
Онкүндік аясында осы тақырыпта тәрбие, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, заң қызметінің офицері әділет лейтенанты Еламан Омарқұлов қызмет уақытында спирттік ішімдік, нашақорлық сынды заттарды қабылдағаны үшін жүктелетін жауапкершіліктер туралы, медицина қызметінің бастығы капитаны Қанат Сарыбаев спирттік ішімдіктердің, шылым мен есірткі тектес заттардың адам ағзасына тигізер зияны туралы айтты. Бөлімнің психологы ұлан майоры Матлюба Рахимова сауалнама өткізіп, әскери қызметшілердің киім-кешекпен, медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуі сияқты сұрақтар төңірегінде жауаптар алды. Ал дене даярлығы және спорт қызметінің бастығы ұлан майоры Ғалымжан Тұрғынбаев 3 км қашықтыққа жүгіруді ұйымдастырды.
«Әскерде қылмысқа жол жоқ» бағдарламасы әскери және құқықтық тәртіпті нығайтуға, әскери қызметшілердің әкімшілік құқықбұзушылыққа төзімсіздігіне, әскери қызметшінің имиджін нығайтуға және тағы басқа жалпы және арнайы іс-шараларды өткізуге бағытталған жүйелі бағдарлама. Қазіргі таңдағы өткізіліп жатқан онкүндіктер, айлықтар және науқандар арыз-шағым жәшіктерінің, сенім телефондарының әрекет етуі, күнделікті дене тексерістерінің өткізілуі, «Жауынгерлік дос» жүйесі, отбасы құрамымен, автоәуесқойлармен жұмыс, салауатты өмір салтын таңдау, діни терроризм мен экстремизмге жол бермеу тағы сол сияқты осы бағдарламаның жұмысының нәтижесі.
30212 әскери бөлімі ұлан капитаны Гүлназира Самашова
Ұқсас жаңалықтар
Туа біткен жүрек ақауын емдеудің жаңа әдісі табылды
- 17 қыркүйек, 2024
Тұмауға қарсы екпе салу басталды
- 17 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді