Аттарың өшсін, лаңкестер!

Аттарың өшсін, лаңкестер!
ашық дереккөз
Аттарың өшсін, лаңкестер!

Меркі ауданында терроризм тақырыбы сөз болды

Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылы 14 желтоқсан­дағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Қазақстан халқына діни экстремизм, терроризммен ымырасыз күрес жүргізу керектігін табыстаған болатын. Осыған орай Меркі ауданында «Шекара аймақтарында орналасқан елді мекендердегі тұрғындар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында семинар-кеңес болып өтті. Кеңес отырысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков қатысты. Семинарда алдымен ҚР ҰҚК-нің облыс бойынша департаменті Меркі аудандық бөлімшесінің бастығы Болат Қуанышәлиев сөз алып, өңірде терроризммен күрес шараларының бірізді жүргізіліп келе жатқанын баян етті. Сондай-ақ, «Шекара кеңістігіндегі діни экстремизм мен терроризмнің таралу салдары» тақырыбы бойынша ҚР ҰҚК шекара қызметінің № 2038 бөлімінің офицері Ерік Үсенов баяндама жасады. Ол өз сөзінде бақылаудың жан-жақты болатынын сөз етті.

Семинар-кеңес барысында лаңкестікпен күрес жүргізудің алғы шарттары да сөз болды. «Облыс әкімдігі жанындағы лаңкестікке қарсы комиссияның мемлекеттік бағдарламаны орындау барысындағы рөлі» тақырыбында сөз алған облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы Мейірбек Пралиев комиссия жұмысын жақсы атқарып жатқанын, алда жұмыс одан әрі күшейе түсетінін әңгімеге арқау етті. Басқосу барысында өзге де баяндамашылар сөз алып, шекара аймақтарындағы діни тұрақтылықты сақтауды, сырттан келетін қауіпке бақылауды күшейте түсу керектігін сөз етті. Бұл бағыттағы жұмыстар әрқашан қолдауға ие болатыны да мәлім болды.Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков те мәселені әрқашан назардан тыс қалдырмау керектігін қадап айтты.

Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».

Меркі ауданы.

Ұқсас жаңалықтар