Еңбекпен түзелгені – елге де, өзіне де пайдалы
Бүгінде пробация есебінде тұрған азаматтарды қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалған. Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Талас аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар мәдени орындарды тазалауға жұмылдырылуда. Бұл азаматтар – аз мөлшерде есірткі сақтағаны, көпшілік орындарда ішімдік ішкені немесе ұсақ бұзақылық жасағаны үшін істі болғандар.
Талас аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы әділет майоры Дархан Жақсыбековтың айтуынша, қоғамдық жұмыстан қашпайтындар қайтадан қоғамға тез бейімделеді екен.
- Жалпы, соттың шешімімен осындай жазаға тартылған адамдарға негізінен тағайындалатын жұмыстар – көше тазалау және безендіру. Сондай-ақ, олар жазда қоқыс жинап, қыста қар тазалайды. Қоғамға қауіп төндірмейтін жеңіл-желпі заң бұзушыларды түгелдей қапасқа тоғыта бергеннен гөрі, осындай жұмыстарға жұмылдырған дұрыс. Ол қоғам үшін де, жазықты адамның өзі үшін де пайдалы. Себебі, жасаған қылмысы үшін өкінген адам екінші рет шалыс баспауға тырысады. Осылайша, қоғамның керегіне жарап, түзелуге тез бейімделеді, - дейді әділет майоры Дархан Жақсыбеков.
Нұрсұлтан ЕГЕМБАЙ,
аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет капитаны.
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Өндірістегі жазатайым оқиға: әділдік пен заң талаптары
- 12 наурыз, 2026
Үйді тонаған ұры емес, өзі болғаны ма?...
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




