Профессор Қойбақов Сейітхан Мелдебекұлының есімін жамбылдықтар жақсы біледі. Ғылымға қосқан қомақты үлесі үшін бірқатар марапаттарға ие болған Сейітхан Мелдебекұлы соңғы рет техникалық прогреске қосқан үлесі және өнертабыс саласындағы жемісті қызметі үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын алған.
Енді, міне, Санкт-Петербург қаласынан ақжолтай хабар келді. Халықаралық Экология және өміртіршілік қауіпсіздігі ғылымдары академиясының, БҰҰ-ның қауымдасқан Қоғамдық ақпарат департаментінің және ЭКОСОС-тың 2014 жылдың 31 шілдедегі шешімімен осы академияның академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Қойбақов Сейітхан Мелдебекұлына «Безопасность гидротехнических сооружений в условиях сурового климата» атты монографиясы үшін «Еңбек сіңірген автор» құрметті атағы беріліп, «Ғылыми әдебиетке қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталыпты. Бұл монография 2014 жылы Германияда LAP LAMВERT Academic Publisһing, баспасынан шыққан. Еңбекте қолайсыз климаттық жағдайларда гидротехникалық нысандарды пайдалану әдіс-тәсілдері кеңінен келтірілген.
«Еңбек сіңірген автор» құрметті атағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған тиімділігі жоғары ғылыми еңбектердің авторларына беріледі. С. М. Қойбақов – бұл атақты иеленіп отырған бесінші адам.
Болат Жаппарұлы, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді