Республика Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Нұрлан Жазылбеков «ақжолдықтардың» елімізде қолға алынған жекешелендірудің екінші толқынының барысына мониторинг жүргізетін қоғамдық кеңес немесе парламенттік топ құруды ұсынатындығын баян етті. «Өткен аптада ғана біздің фракция Елбасы алға қойған міндеттерді орындау бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру туралы мәселе көтерді. Нысандарды жекешелендіруге қатысты туындаған күрделі жағдайға байланысты «Ақ жол» партиясы жекешелендірудің екінші кезеңіне қоғамдық негізде мониторинг жүргізетін арнайы құрылым құруды ұсынды», деді Мәжіліс депутаты. Оның айғақтауынша жекешелендіру бағдарламасы ең алдымен мемлекеттің ел экономикасына қатысуын барынша қысқартып, жеке сектордың үлесін ұлғайту есебінен оның негізін азайтуды көздейді.
Сондай-ақ, халық қалаулысы сыбайлас жемқорлық қылмыс пен құқықбұзушылық әрекеттері жайлаған мемлекеттік сатып алу ісінде жегіқұртқа тосқауыл қою үшін ел Үкіметінің жаңа заң жобасын әзірлеп, Парламентке ұсынғалы отырғандығынан журналистерді хабардар етті.
Сапарғали Әлібай, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




