Қазіргі уақытта Елбасының мемлекеттік тілге қатысты ұстанымы мен қадағалауының арқасында ресми жиындар қазақша өте бастағаны рас. Тілдің жайы Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында, алқалы жиындарда жасаған баяндамаларында тұрақты көтеріліп, елдің назарына ұсынылады. Осының арқасында халықтың әлеуметтік жағдайын, экономикасын көтерумен бірге, тілімізді де тұғырына қондырудың жолдары қалыптасып келеді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Кез-келген тіл өзге тілмен қарым-қатынасқа түскенде ғана өсіп, өркен жаятынын әрдайым есте сақтаған жөн», деп атап көрсетілді. Сондықтан, барша жұрт мұны ескеріп, іс жүзінде қолданса мемлекеттік тілдің мәртебесі асқақтайтыны сөзсіз. Осы орайда, сот саласында жүрген әріптестерімді де қазақ тілінің көсегесін көгертуге шақырамын.
Гүлжамал ТӘЖИЕВА, облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы.
Ұқсас жаңалықтар
№4 Модуль «Есептен шығару куәлігі»
- 3 наурыз, 2026
Саяси науқанға дайындық барысы пысықталды
- 2 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




