Мемлекеттік тілдің қолдану аясын барған сайын кеңейтіп, оны шын мәніндегі қоғамдық қарым-қатынас тілі ету бүгінгі күн талабы екендігі баршаңызға белгілі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халық даналығы. Ендігі мақсат – тәуелсіз мемлекетіміздің қоғам өмірінің барлық саласында қазақ тілінің кеңінен қолданылуын қамтамасыз ету.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында «Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп, былтырғыға қарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызға өскен. Бұл да біраз жайттан хабар береді. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінше қолданылуы үшін бәрін істеу қажет» деп қадап айтқан сөзі баршамыздың берік ұстанатын қағидамыз болуға тиіс. Қазақстан Республикасының ХХІ ғасырдағы болашағы, шығар биіктері саяси-экономикалық факторлармен қатар, оның мемлекеттік тілі – қазақ тілінің де дамуына тікелей байланысты. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі Ата Заңымызда анық айқындалған. Елбасымыз да «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!» деп атап көрсетті. Сонымен қатар тілімізді құқықтық тұрғыдан бекіткен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң және Президент Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бар. Осы заң актілері әрбір Қазақстан азаматы үшін бұлжытпай орындалуға тиісті құжат болып табылады. Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні, ділі. Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да – тіл. Ол – қасиетті де қастерлі. Оның бойында өзекті жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай. Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда. Осыған орай, Халыққа қызмет көрсету орталығының облыс бойынша филиалында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның мәртебесі мен маңызын арттыруға айрықша көңіл бөлінуде. «ХҚКО» РМК-ның барлық бөлімдерінде мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға арналған бұрыштарда Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға күш-жігерімізді жұмсауымыз керек», деген қағидалы сөзі ілінген. Шығыс құжаттары мемлекеттік тілде әзірленуде. Қазақстан мемлекетінің жүргізіп отырған бейбіт саясаты адамдарды жақсылыққа кенелтіп, келешекте бұдан да ғажап өмір сүретінімізге нық сендіреді. Қазақ тілі қазақ халқының ғана емес, Қазақстан мемлекетінің тіліне айналатын, мәртебесі мен мерейі үстем болатын күн туды.
Нұрдәулет Темірбеков, мамандандырылған ХҚКО реттеу залының басшысы.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді