Шымшымалар
«Қыз қуу» Теңгеге сықап қойынды,
Оқуға түсуді ойлап кепті.
Білімге бұрмай мойынды,
«Қыз-қырқынмен «ойнап» кетті. Сыйлық – Сатып алған «праваң»,
Жүрмесін жетіп түбіңе.
– Олай деме, бір ағам...
Сыйлаған туған күніме. Өзгеріс Момын еді, сүймейтін бұрын дауды,
Пырылдауды білетін, мырыңдауды.
Мысық пақыр төбетпен дос болғалы,
Шығарды көрінгенге ырылдауды. «Решение» қабылдады Қазақ тілін дамыту еді ағымдары,
Қазақша жазатындар табылмады.
«Повысить авторитет языка» – деп,
Шешім емес, «решение» қабылдады.
Асырап жүр
«Броконьерлік тоқтасын,
Құртамын, – дейді, – шетінен».
Ал отбасын асырайды,
Ақбөкеннің етімен. Биенікі емес Мынауыңыз қымыз ба, әлде айран ба?
Деп сұрадық біз базарда қайран ғап.
«Қымыз, бірақ, биенікі емес» – деп,
Бір келіншек жауап берді жайраңдап.
Шайхан ХАМЗАҰЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Сот жүйесінде татуласу тәртібі қалай реттеледі?
- 14 қаңтар, 2025
Тойымыз түзеліп, асымыз астамшылықтан ада болса...
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді