Жириновский үшін кешірім сұрады
Су ішкен құдығына түкіруден еш жалықпайтын орыс саясаткері Владимир Жириновский мәселесі Ресейдің Мемлекеттік думасында қаралатын болды. Бұл туралы кеше Астанада өткен социал-демократтардың халықаралық конференциясында Мемлекеттік дума депутаты Олег Нилов мәлімдеді деп хабарлайды, - "Алаш айнасы". – Мен оның бұл пасық әрекеті үшін кезекті рет кешірім сұраймын. Ол (Жириновский) жол берілмеуі тиіс халықаралық арандатушылыққа бара береді. Оның келесі деңгейі енді фашизм болып табылады. Басқа мемлекеттердің парламентінде, аттарын атамай-ақ қояйын, ондайлар пашкілеп жүр, ал Ресейде ол біреу ғана, осынысы бізге кішкене болсын көңілге демеу. Бірақ бұл оның бүкіл оспадар қылығына төзіп, бетіне жіберіп қою керектігін білдірмейді, – дейді Олег Нилов.
Жириновскийдің Қазақстанға қатысты айтып жүргендерінің барлығын орыс депутаты арандатушылық әрекет деп бағалады. – Қазақстан Президенті де және біздің партия да мұны міндетті түрде баса айтуымыз керек. Ертеңнен бастап Мемлекеттік думаның отырыстары басталады, демалыс кезеңі аяқталды. Мен мұны осы арада айтумен шектелмеймін. Біз Мемлекеттік думаның пленарлық отырысында да бұл мәселені көтереміз, – деп сөзін қорытындылайды ол.
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестікке серпін берген сапарлар
- 23 қараша, 2024
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді