«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Өзге емес, өзім айтам, өз жайымда»

«Өзге емес,  өзім айтам,  өз жайымда»
ашық дереккөз
«Өзге емес, өзім айтам, өз жайымда»

Өкпелі Елмұрат өзбектерді жарылқады

Күрес түрлерінен Құдайы көршіміз Өзбекстанның астанасы Ташкентте өткен әлем біріншілігі ел құрамасы үшін сәтсіз аяқталды. Алаш намысын аспандатады деп үміт күткен еркін күрес шеберлеріміз Ақжүрек Таңатаров та, Аслан Кахидзе де, Артас Сана да сенімді ақтамады. Ал грек-рим күресінің шебері, ұзақ жылдар бойы біз сеніп жүрген Нұрмахан Тыналиев тағы да жеңілістің кермек дәмін татты.

Күрес түрлерінен Құдайы көршіміз Өзбекстанның астанасы Ташкентте өткен әлем біріншілігі ел құрамасы үшін сәтсіз аяқталды. Алаш намысын аспандатады деп үміт күткен еркін күрес шеберлеріміз Ақжүрек Таңатаров та, Аслан Кахидзе де, Артас Сана да сенімді ақтамады. Ал грек-рим күресінің шебері, ұзақ жылдар бойы біз сеніп жүрген Нұрмахан Тыналиев тағы да жеңілістің кермек дәмін татты.

Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан үшін әлем чемпионаты балуандары бар, нәтижесі жоқ мемлекет ретінде тіркелді. Қажымұқан мен Балуан Шолақтың, Мәскеу олимпиадасында алтын алған Жақсылық Үшкемпіровтің ізбасарларының бозкілемде тым солғын күрескені көңілге кірбің ұялатқаны даусыз. Керісінше, елімізде жүргенде көзге ілікпей, бүгінде Өзбекстан құрамасының сапында жасындай жарқырап жүрген қазақ балуаны Елмұрат Тасмұратов екінші жыл қатарынан қоңсы елдің қоржынына қола медаль салды. Басқаны қойшы, өткен жылы қола үшін тартыста қазақ елінің үміті Алмат Кебіспаевты алып ұрғанын, шыр айналдырғанын қайда қоямыз? Елмұраттың өзі БАҚ өкілдеріне берген сұхбаттарының бірінде: «Қазір әкемнің ағайындары атажұртқа оралуды құп көріп отыр. Бауырлары көшсе, әкем онда қалғысы жоқ. Бұйырса, екі-үш жылдың көлемінде Астанаға көшуіміз мүмкін. Алдағыны уақыт көрсетер. Білесіз бе, Қазақстан туын жоғары көтеру арманым. Әзірге, бұл ойым іске асар емес» депті. Шым қаладағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт интернатында тәлім алған қазақтың қара домалақ баласы 2008 жылы грек-рим күресінен Д. Тұрлыхановтың турнирінде бағы жанбай, Азия біріншілігіне жолы түспеген соң, көрші мемлекет тарапынан түскен ұсынысты құп алған болатын. Осылайша, өкпелі Елмұрат өзінің бүгінгі таңда шын мәнінде мықты балуан екенін дәлелдеумен келеді. Ал оның елге оралуына мүдделі тарап болса, шіркін... Сонымен, не керек, қазақ елінің қоржыны Ташкенттен бос қайтты. Ал құраманың еркін күрестен бас бапкері Руслан Өмірәлиев: «Әлем чемпионатында өз деңгейлерінде күресе білді деп бар болғаны Аслан Кахидзе мен Артас Сананы ғана айтуға болады. Аты аталған жігіттер қоржынға медаль салмаса да, жүз пайыз өз күштерін сарқа жұмсап, барын салды. Болашақта бұл жігіттер біздің елдің намысын абыроймен қорғайтынына сенемін. Әйткенмен, өзге балуандарымыздың басым бөлігі біз артқан сенімді ақтай алмай қалды. Бірінші кезекте Ақжүрек Таңатаров пен Саятбек Оқасовты айтар едім. Олар техникалық-тактикалық тұрғыдан шебер болса да, бірінші айналымнан әріге жете алмай, орта жолда сыр берді. Таңатаров Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері! Ол ортаңқол балуандардың біріне есе жібермеуге тиісті болатын. Ақжүрек қазір салмақ ауыстырды ғой. Бәлкім, жаңа салмаққа әлі бой үйрете алмай жүрген шығар. Бірақ, бұл себеп те оны ақтай алмайды. Ермұхамет Іңкәр да өз мүмкіндігін толық көрсеткен жоқ. Бірінші белдесуде ұтқан соң, моңғолды да жеңуі керек еді» депті біріншілікті қорытындылап. Иә, расымен де тұтастай Алаш жұрты үкілеген жігіттеріміз қарсыластарының алдында бірінен соң бірі жеңіліп, дәрменсіздік танытты. Талай додаға сенім артып апарып жүрген Нұрмахан Тыналиев осы жолы өзін дәлелдеуге тиіс болғанымен, бабы мен бағы қатар шаппады. Ұлттық құрамада алдағы жылдары буын алмастыру процесі де жүретін шығар. Өйткені, жасөспірімдер арасында олжа салып жүрген балуандар күн санап шеберліктері толыса беретіні айқын. Айталық Нанкиндегі жасөспірімдер олимпиадасында алтын медаль жеңіп алған еркін күрес шебері Мұхамбет Қуатбек пен грек-рим күресінен жерлесіміз Жәнібек Қандыбаевтар Риодағы олимпиададан кейінгі додаларда еліміздің басты үмітіне айналуы мүмкін екенін ешкім жоққа шығармас...

Ұқсас жаңалықтар