«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Газеттің реңі кірді

Газеттің реңі кірді
ашық дереккөз
Газеттің реңі кірді

Мен «Егемен Қазақстан», «Ақ жол», «Ғұмыр-дария», «Талас тынысы» газеттерін, «Математика» журналын жыл сайын үйге жаздырып аламын. Жасым қазір бірі кем 80-де. Өмірімнің мағыналы 70 жылын Талас ауданында өткіздім. Өзім Таразда тұрсам да, бар ой-санам, жүрегім туған топырағым – Талас өңірінің, Талас өмірінің бар тыныс-тіршілігін біліп-сезгісі келеді. Аудандық газет сонысымен мені қызықтырады. 

Мен адамның санасы әлі аша алмаған табиғаттың жұмбағы бар екеніне сенемін. Міне, ағымдағы жылдың 26 тамыз күнгі «Ақ жол» газетінде «Жердің егізі табылды» деген ғылыми жаңалық жарияланды. Осылай табиғаттың бізге белгісіз жұмбақтарын ғылым аша бермек. Жақын арада 2015 жылға баспасөзге жазылу науқаны басталады. Кейбіреулер «Газет-журналға жазылудың не керегі бар, үйдегі компьютерден-ақ тауып алып оқымайсың ба?», – дейді. Оған үңіліп, сығалап отыратын жас емеспіз. Оның үстіне көз де бұрынғыдай жарыққа қарауға шыдас бермейді. Кейбір басқа басылымдарды кітапханаға барып та оқып жүреміз. Алайда, жазылған басылымдарды үйде қолыңа ұстап, көзіңмен көріп, еш алаңдамай, мейірлі пейіліңмен тыныш отырып оқығанға не жетсін! «Ақ жол» газетінің бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлына айтар рахметім мол! Ол басылымға басшылыққа келген бес ай ішінде «Ақ жолдың» реңі кіріп қалды. Безендірілуінің өзі анадайдан көз тартады. Газеттің мазмұны да артты. Облысымыздың айнасы – «Ақ жол» газетіне жазылым басталысымен жазылуды дәстүрге айналдырғанмын. Алла қаласа, келесі жылы да сүйікті газетіммен қауышып, мағыналы мақалаларын үзбей оқитын боламын.

Алматай Төлтаев, ҚР білім беру ісінің үздігі, еңбек ардагері.

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар