Мектеп түлектерінің ауылға тартуы
Соңғы жылдары мектеп бітіргендеріне 10, 20, 30 жыл болған түлектер білім алған алтын ұяларына, туып-өскен ауылдарына демеушілік көрсету жақсы үрдіске айналып келеді. Әрбір ауылда мектеп түлектерінің күшімен салынған ерекше нысандар бой көтеруде. Солардың бірі Елорда күні қарсаңында Отар ауылында стела ашылып отыр.
Отар аймағы елімізге танымал өңірлердің бірі. Мұнда тарихтан белгілі Аңырақай даласында өткен шайқас туралы естімеген адам кемде-кем. Бүгінде бейбіт әскери ойындардың алаңына айналған 40-шы «Отар» әскери базасы да сол жерде орналасқан. Еліміздің шойын жол бойынша күре жолы да осы аймақ арқылы өтеді. Мереке қарсаңында ауылға кіре берісте ашылған стеланың кескіні сол тарихтан сыр шертетіні де заңдылық. Жоғарыда атап өткеніміздей сол бір дәстүрді негізге алған №41 орта мектептің 2000 жылғы түлектері айшықты стела орнатып, ауыл игілігіне берді.
Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Рүстем Дәулет, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.
– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жерге туыңды тік» акциясы аясында, Отар ауылының мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған азаматтарының демеушілігімен бой көтерген «Отар ауылы» стеласының ашылу салтанатына жиналып отырмыз. Мектеп түлектеріне осындай ел игілігі жолында жасаған жомарттық істері үшін алғыс білдіремін. Туған жерге туын тігіп жүрген азаматтардың жұмысына сәттілік, Отар ауылына өркендеу тілеймін. Еліне қызмет етер осындай азаматтарымыз көп болсын, – деді аудан әкімі.
Келесі кезекте жерлестерін мерекемен және стеланың ашылуымен Отар ауылдық округінің ардагерлер ұйымының төрағасы Саламат Молдажанов құттықтап, осындай игі істі қолға алған жандарға алғысын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




