«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Үкімет пен Парламенттің ынтымақтастығы артпақ

Үкімет пен Парламенттің ынтымақтастығы артпақ
ашық дереккөз
Үкімет пен Парламенттің ынтымақтастығы артпақ

Мемлекет басшысының Республика Парламенті палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзіне сілтеме жасаған Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясы төрағасының орынбасары Нұртай Сабильянов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жаңа ашылып жатқан «мүмкіндіктер терезесін» тиімді пайдалану үшін Үкімет пен Парламенттің бірлесіп жұмыс істеуі қажеттігін атап көрсетті. Оның айтуынша бірлесіп жұмыс істеу қоғамда орын алған түйінді мәселелер мен міндеттерді барынша сапалы шешуге ықпал етпек. Халық қалаулысы осы бағытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 4-інші сессиясының бірінші отырысында депутаттардың бірнеше заң жобасын жұмысқа қабылдағандығын, оның ішінде еліміздің тығыз деп танылған екі заңының жобасы бар екендігін айтты. «Олар – «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңға өзгерту енгізу туралы» Конституциялық заңның және «ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу мәселелері жөніндегі бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасы», — деді ол. Аталған заң жобалары қабылданып, бекітілген кезде Қазақстан Республикасының 15 кодексі мен 125 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, одан кейін Үкіметтен министрліктерге 1598 функциялар беріледі. Соның санатында әлеуметтік салаға — 98, ауыл шаруашылығы саласына — 227, көлік, байланыс және коммуникация салаларына — 225 функция, қалғандары басқа салалардың үлесіне берілмекші. Мәжіліс депутаты нақтылы уақытқа дейін Парламент депутаттары тарапынан аталған заңдардың жобаларына қатысты 200-ден астам ұсыныстың түскендігін, заң жобаларының Парламент Мәжілісінің алғашқы пленарлық отырысында бірінші оқылымда қаралатындығын жеткізді.

Сапарғали Әлібай, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар