22 жұмыс күні ішінде қызмет көрсетіледі
Облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі (көрсетілетін қызметті беруші) «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту» туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 31.03.2020ж №97 бұйрығымен бекітілген (ҚР Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20256 болып тіркелді) «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші кеңсесіне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы және «Электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және осы Қағидаларға 2-қосымшада мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды қоса береді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі 22 (жиырма екі) жұмыс күні.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны Қағаз және (немесе) электрондық түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері:
Тегін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы анықтама-негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған әкімшілік-аумақтық бірлік (ауыл, елді мекен, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);
3) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған аумақта жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі ұсынылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетушінің мекен-жайы: Тараз қаласы Төле би көшесі №35 ғимараттың 2-қабаты және байланыс телефоны: 8(7262) 434782.
Облыс әкімдігінің сәулет және
қала құрылысы басқармасы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді