«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Азамат тардың денсаулығын тәуекелге тіге алмаймыз

Азамат тардың денсаулығын тәуекелге тіге алмаймыз
ашық дереккөз
Азамат тардың денсаулығын тәуекелге тіге алмаймыз
Дүйсенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев базар және сауда орындарының басшыларымен кездесті. Күн тәртібінде пандемия кезінде жұмысты қайта бастау мәселесі қаралды. – Біздің облыс аумағында 40-тан астам базар мен сауда орны жұмыс істейді. Көпшілігінде міндетті санитарлық, карантиндік, өртке қарсы талаптар орындалмайды. Кеше олардың бірқатарын аралап, соған кезекті рет көз жеткіздім. Ал егер өрт бола қалса ше? Оқиға орнына өртке қарсы қызмет техникасы қалай жетеді? Баршаңызға белгілі, арнайы бекітілген қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы өкінішті жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін, – деді өткір мәселе төңірегінде облыс әкімі. Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Берік Жарқынбеков атап көрсеткендей, базарлардың бірде-бірі арнайы бекітілген талаптарға сәйкес келмейді. – Адамдар бетпердесіз жүр, санитарлық тазалағыштар жоқ, арақашықтық сақталмайды, – деді ол. Бердібек Сапарбаев жауапты мемлекеттік органдарға талаптарды сақтамай отырғандарға қатысты тиісті құзірет шеңберінде шара қолданып, сауда орындарын жабуды жүктеді. Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау, төтенше жағдайлар және полиция департаменттеріне бұл мәселелерді тұрақты назарда ұстау тапсырылды. – Сіздердің мақсаттарыңыз – көп ақша табу емес, адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығын ойлау. Бірнеше күннің ішінде кемшіліктерді түзеп, базарлардың бекітілген алгоритмге сәйкес ашылуын қамтамасыз етіңіздер. Арнайы мониторингтік топтар тексеретін болады. Ол үшін жеке жауапкершілікте болатындарыңызды естен шығармаңыздар, – деді аймақ басшысы. – Азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты мәселе. Базар әкімшілігі барлық талаптарды орындағанда ғана сауда-саттыққа толық мүмкіндік беріледі. Біздің алдымызда инфекцияның жылдам таралуына жол бермеу, адамдардың денсаулығын барынша қорғау міндеті тұр. Біз олардың өмірін тәуекелге тіге алмаймыз, – деп түйіндеді сөзін облыс әкімі.

Ұқсас жаңалықтар