Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап облыста коммерциялық және әлеуметтік нысандардың жекелеген түрлерінің жұмысын қалпына келтіру жоспарланған. Бұл орайда еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері бекіткен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау міндетті шарт болып табылады. Аталған шешімді облыстық жедел штаб қабылдаған.
Атап айтқанда, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, мектепке дейінгі мекемелердің және қосымша білім беру ұйымдарының (топта 15 адамнан аспайтын), автобус және темір жол вокзалдарының, мәдени және спорт нысандарының (көрермендерсіз), саябақтар мен скверлердің, фитнес-клубтар мен spa-салондардың (монша кешендерінен тыс) ұйымдардың қызметіне рұқсат беру жоспарлануда. Бұл нысандардың иелері мен басшылары Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 Қаулысымен және жұмыс алгоритмдері белгіленген қосымшалармен танысуы керек. Нысандар барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болған жағдайда көрсетілген нөмірлер бойынша жергілікті атқарушы органға жүгінуі немесе электронды пошта арқылы өтінім жіберуі тиіс. Өтініш келіп түскен сәттен бастап үш күн ішінде объектіні бақылау тобы санитарлық нормаларға сәйкестігін тексеруі керек. Егер объект нормаларға сәйкес келсе, жұмысты қайта бастауға мүмкіндік беретін акт рәсімделеді. Сонымен қатар қоғамдық көліктер мен базарлардың жұмысын қалпына келтіру мәселесі қарастырылуда. Ол туралы жедел штабтың ағымдағы жылдың 1 маусымында, дүйсенбі күні өтетін кезекті отырысында қаралады.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді