Аз қамтылған отбасыларға азық-түлік ұсынды
Тараз қаласы мен облыстың төрт ауданындағы 1500-ге жуық аз қамтылған отбасына азық-түлік түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді.
Қазақстан бойынша қолға алынған қайырымдылық акциясына «Халық» қайырымдылық қоры мұрындық болған. Қор 20 мың азық-түлік жинақтап, төтенше жағдай режімі мен карантиндік шараларға байланысты күрделі қаржылық жағдайда қалған мұқтаж отбасыларға үлестірді. Өнімнің жалпы көлемі 1200 тоннаны құраған.
Игі бастаманы алғашқылардың бірі болып еріктілер қолдап, азық-түлікті жеткізіп беруді қамтамасыз етуге барынша атсалысқан. Еріктілердің айтуынша, тұрғындар әлеуметтік көмекті өте жылы қабылдап, ризашылықтарын білдірген. Бұл бүгінгі күні бизнес тарапынан әлеуметтік қолдаудың, сондай-ақ азаматтық қоғамның бірігуінің қаншалықты маңызды екенін тағы да бір айғақтай түсті десек артық айтпаймыз.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




