Ипотекалық негізде тұрғын үй салуға және сатып алуға болады
- author «Ақ жол»
- 3 мамыр, 2020
- 256
Бүгінде өңірімізде «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» бағдарламалары табысты іске асырылуда. Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында бұл бағдарламаларға кеңінен тоқталуы, оның қаншалықты маңызды екенін айқындай түсетіндей. Жалпы, соңғы жылдары өңірімізде құрылыс саласына да көп көңіл бөлініп отыр. Атап айтсақ, «Нұрлы жер» бағдарламасының жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған қанатқақты жобасының аясында мемлекет салымшыларға тиесілі 10 сотық жерді ғана беріп қоймай, сол жер телімінде тұрғын үй салуға да көмектеседі. Ол үшін арнайы субсидия да қаралған. Ипотекалық негізде де тұрғын үй салуға, сатып алуға болады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында айтылған «7-20-25» және «Бақытты отбасы» бағдарламалары аясында үйлі болған қала тұрғындарының саны да жыл санап артып келеді. Қазір облыста пәтер алу кезегінде 28252 адам тұр. Оның 13868-ін әлеуметтік осал топтағылар, 3 518-ін көп балалы аналар құрайды. Биыл кезекке тұрғандар саны 3719 адамға өскен. Мұның ішінде асыраушысынан айырылған, қамқорлықсыз қалған – 2 913 адам, «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған 3 518 ана бар. Бюджет саласында жұмыс істейтіндер 7 951 азаматты құраса, үйі апатты деп танылған 2 адам пәтер кезегіне тіркелген. Ал жер телімі кезегіне тұрғандар саны 117 266 азаматты құраған. Былтыр 1189 жер телімі берілсе, биыл 1070 жер телімін беру жоспарлануда. Бағдарлама аясында бюджеттен 19,5 миллиард теңге қаржы қаралса, оның 17,5 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда республикалық бюджеттен бөлінген қаражат биыл 3,7 миллиард теңгеге артып отыр. Осы қаржы есебінен 3 085 пәтерді құрайтын 48 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланды. Бұл қаржыға тұрғызылатын 745 пәтерлі 20 көп қабатты тұрғын үй арендалық, 2 080 пәтерлі 28 көп қабатты тұрғын үй несиемен берілмек. Биыл 1 835 пәтерлі 32 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру (оның ішінде 665 пәтерлі 19 көп қабатты арендалық, 880 пәтерлі 13 көп қабатты үй несиелік) жоспарланған. Көп балалы аналарға 260 пәтер сатып алу үшін республикалық бюджеттен 2,2 миллиард теңге қарастырылған. Атап айтсақ, бағдарлама талаптарына сәйкес сатып алынатын пәтерлер бірінші немесе екінші нарықтан болуы, яғни 2 бөлмелі пәтер 60 шаршы метрден, пәтердің құны 8,4 миллион теңгеден аспауы белгіленген. Бағдарламадан тыс облыстық бюджет қаражаты (құны 2,4 миллиард теңге құрайтын) есебінен өткен жылы 8 жатақхана құрылысы жүргізіліп,180 пәтерлі 4 жатақхана пайдалануға берілді. Қалған 4 жатақхана биыл пайдалануға берілмек. Биыл инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша 17 жобаны іске асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 5,2 миллиард теңге қаржы қарастырылды. Оның 4,4 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен бөлінген. Бұл өткен жылға қарағанда 1,5 миллиард теңгеге өскен. Аталған қаражат есебінен 1 541 гектарды (7860 жер телімі) құрайтын 15 тұрғын алқапта 17 жоба іске асырылатын болады. Сондай-ақ биыл 196 гектар аумақта 1 070 жер телімін инфрақұрылыммен қамту көзделген. 2016-2019 жылдар аралығында кредиттік тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін барлығы 16,3 миллиард теңгеге бағалы құнды қағаз (облигация) шығарылды. Оның 10,1 миллиард теңгесі сатылған пәтерден түскен қаржы есебінен қайтарылды. Қалған 6,2 миллиард теңге 2021 жылы сатылымға қойылған пәтерлер есебінен қайтарылмақ. Сонымен бірге биыл 6 миллиард теңгеге 10 тұрғын үйдің жобасы қолдау тауып, іске асырылады. Бұдан бөлек, 6 миллиард теңгеге 14 тұрғын үйдің жобасы алдын ала қолдау тауып, бюджеттік өтінімі өткізілді. Бағдарлама шеңберінде облыс бойынша былтыр 1 936 азамат пәтермен қамтылған. Атап айтсақ, Қазақстан тұрғын үй жинақ банк салымшылары – 373, «Бақытты отбасы» – 382, «7-20-25» бағдарламасымен – 261, жалдамалы пәтермен – 740, жатақханамен – 180 азамат қамтылды. Биыл 2 437 азаматты пәтермен қамту жоспарлануда. Тараз қаласы бойынша кезекте тұрған азаматтармен сауалнама жүргізу нәтижесінде 19 083 пәтерге сұраныс анықталды. Атап айтсақ, олардың ішінен бір бөлмелі пәтерге – 9869, екі бөлмелі пәтерге – 5794, үш бөлмелі пәтерге – 1319, төрт бөлмелі пәтерге – 2101 азамат сұраныс беріпті. Талдау 1 және 2 бөлмелі пәтерлерге деген халықтың сұраныс процентінің жоғары екендігін көрсетіп отыр. Құрылысы жүргізіліп жатқан көп қабатты тұрғын үйлердегі бір бөлмелі пәтер саны – 380, екі бөлмелі – 2185, үш бөлмелі – 660 екені анықталды. Осыған байланысты Тараз қаласының әкімдігі алда салынатын жаңа үйлердің жобасын әзірлеу барысында осы сұранысты ескереді деген ойдамыз. Қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту. Осы жолда еңбек ете жүріп, халықтың сенімін ақтағаннан артық абырой жоқ.
Жайықбай ШАЛДАРОВ, облыс әкімдігі құрылыс басқармасының басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді