Қасиетті Рамазан айының бірінші аптасында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ораза ұстаған 500 тұрғынға арнап ауызашар ұйымдастырды. Оған Шөлдала ауылының, Қарасу шағын ауданының және Тараз қаласы Төле би көшесіндегі жатақхананың тұрғындары қамтылды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыс бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев карантин жағдайына байланысты барлық санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақталғанын, әрбір азамат үшін ауызашардың ас мәзірін алдын ала дайындалғанын, оларға азық-түлікті облыстық мешіттің қызметкерлері мен еріктілер үйлеріне жеткізіп бергенін айтты. Облыстың бас имамының айтуынша, биыл қасиетті айдың басталуын асыға күткен барлық мұсылмандар тарауих намазын үйде оқып, карантин талаптарын сақтай алады. Сонымен қатар балаларды тәрбиелеуге көңіл бөліп, өз амалдары мен әрекеттеріне есеп беріп, қайырымдылықпен айналысқандары абзал. Сондай-ақ орталық, қалалық және аудандық мешіттердегі асханалар мен кафелердегі тамаққа тапсырыс беріп, үйге алдыру арқылы ауыз ашуға болады. Үйде отыруға мәжбүр болған мұқтаж отбасыларға арнап ауызашар ұйымдастыру туралы аймақ басшысының игі бастамасына облыс әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары және танымал кәсіпкерлер қолдау білдірді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Тағдыршешті мәселелер қозғалды
- 22 қаңтар, 2026
Медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейі 92,32 пайызға жетті
- 22 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




