«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Облыс әкімі салынып жатқан құрылыстардың сапасын өзі бақылауға алады

Облыс әкімі  салынып жатқан құрылыстардың сапасын өзі бақылауға алады
ашық дереккөз
Облыс әкімі салынып жатқан құрылыстардың сапасын өзі бақылауға алады
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-теңдікті сақтау, ветеринарлық қауіпсіздік және идеологиялық жұмыстар барысы қаралды. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашевтың айтуынша, ұн, макарон, жұмыртқа және сары май өндірісін екі есеге ұлғайту үшін жергілікті ресурстар жеткілікті. Бір ай ішінде қайта өңдеу кәсіпорындарының әлеуетіне мониторинг жүргізіліп, азық-түлік тауарларын өндіру мен тұтыну арасындағы теңгерімді сақтау жөнінде ұсыныстар әзірленбек. Өңір басшысы көкөніс сақтау қоймаларының жай-күйіне зерделеу жүргізудің маңыздылығына тоқталып, қажет болған жағдайда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жаңа құрылыс салу керектігіне көңіл бөлді. Бұл жұмыстарға тарту үшін бизнес өкілдері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Аудан әкімдері тиісті жер телімдерін барынша қысқа мерзімде бөлуді қарастырғаны абзал. Облыста өндірілмейтін немесе олардың тапшылығы байқалатын өнімдерді жеткізіп отыру бойынша басқа өңірлермен уақыт созбай келісім орнату қажет. Бірінші кезекте бұл – ұн, макарон, күріш, бұршақ, өсімдік майы, қарақұмық тауарларына қатысты. Сәуір-мамыр айларында өңірде қырыққабат және картоп импортына тәуелділік сезіле бастады. Бұршақ, алма, балық, қаймақ, сүзбе және басқа да өнімдер толық және жартылай көлемде жеткізілуде. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова хабарлағандай, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша тамақ өнеркәсібі 47,4 процент, химия өнеркәсібі 8,8 процентке төмендеген. Бірінші жағдайдағы құлдырау көрсеткіші қант зауыттарының тоқтауына байланысты орын алған. Баяндамашы жоғарыда аталған салалардағы олқылықтардың орнын толықтыра алатын өнімдердің тізбесі мен көлемін тілге тиек етіп, соның ішінде құрылыс материалдары мен металлдар өндірісіне назар аудартты. Облыс әкімі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандәулет Кенжебековтің баяндамасын тоқтатуға мәжбүр болды. – Маған басқа салалардағы шығындарымызды алмастыратын өнім түрлеріне талдау қажет. Пайдалы қазбалар бойынша зерделеу шараларын ұйымдастырып, оларды игеру үшін инвесторларды жедел тарту керек. Көптеген кәсіпорындар жұмыс істеуге, өнім көлемін арттыруға ниет білдіріп отыр, алайда басқарма мен басқа да жауапты құрылымдар тарапынан қолдау жоқ. Сіздің басты міндетіңіз – индустрияны, кәсіпкерлікті дамыту мәселелерімен айналысу. Дағдарыс – бұл жаңа мүмкіндіктер уақыты, оны пайдаланбау ақымақтық болар еді. Өндіріс пен тұтыну арасындағы теңгерімді жүзеге асыру жолдарын іздеу, өндірістік күштерді орналастыру схемасын құру қажет. Экономикада жеңіл, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыру жолдарын ойластыру керек.

Ұқсас жаңалықтар